42
www.electrolux.com
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қол жететін
•
беттердің температурасы жоғары болуы мүмкін.
Қысқатолқынды пеш шкафта сыналмаған болса,
•
оны шкафқа салуға болмайды.
Құрылғылардың артқы беті қабырғаға тірелуі керек.
•
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
•
немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіріп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Құрылғыны бос кезде белсендірмеңіз. Қуыс
•
ішіндегі металл бөліктер электр доғаны тузуі
мүмкін.
Шкафтың минималды өлшемдеріне назар
•
аударыңыз (егер қолданылса). «Орнату» тарауын
қараңыз.
Құрылғыны сәнді есігі ашық күйде (егер
•
қолданылса) пайдалану керек.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғыны орнату талаптарына
сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге
орнатыңыз.
• Құрылғының бүйір жақтарында
биіктігі осы құрылғының биіктігімен
бірдей құрылғылар орнатылуы
керек.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш
сыммен жалғанса, сымның жерге
тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының ашасына және
сымына зақым келтірмеңіз. Зақым
келген электр сымын ауыстырту
үшін қызмет көрсету орталығына
немесе электршіге хабарласыңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.