Қазақ | 191
Гельді көпшікпен бекіту
Алғышарттар:
Астыңғы бет құрғақ және берік болуы тиіс.
Ылғалды, өте шаңды, өткір жиекті немесе қатты құрылымдалған беттерде гельді
көпшіктің жабысқақтығына кепіл берілмейді. Мұндай жарамсыз беттерге бекітілген
жағдайда, өлшеу құралы құлап, зақымдалуы немесе астыңғы бетке зақым келтіруі
мүмкін.
Егер гельді көпшік ластанған болса немесе тегіс беттерге бұдан былай жабыспаса,
оны тазалау немесе алмастыру қажет (қараңыз „Гельді көпшікті тазалау", Бет 194).
Әр пайдалану алдында көзге түспейтін, үлкен емес жерде гельді көпшіктің қалаулы
астыңғы бетке жабысуын және оны астыңғы бетке зақым келтірмей алып тастау
мүмкіндігін сынап шығыңыз.
Өлшеу әрекетін аяқтаған соң немесе астыңғы бет өңделген кезде (мысалы,
бұрғылау, бұрау немесе соққылау арқылы), өлшеу құралын әрдайым алып
тастаңыз.
Өлшеу құралын астыңғы бетке орнату:
Гельді көпшіктің қорғаныш қалпақшасын (16) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап,
алып тастаңыз. Алғаш рет пайдалану алдында гельді көпшіктен қорғаныш үлдірді
алып тастаңыз.
Өлшеу құралын нық ұсталғанша астыңғы бетін ақырын басыңыз. Тым қатты басқан
жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
Өлшеу құралын астыңғы беттен алып тастау:
Өлшеу құралын астыңғы беттен ақырын жылжытыңыз. Тым жылдам жұлып алған
жағдайда, сезімтал беттерге зақым келуі мүмкін.
Қорғаныш қалпақшаны (16) гельді көпшікке (15) қорғаныш қалпақшасы мен гельді
көпшіктегі құлыптау белгілерінің (17) бір біріне қаратылатындай күйде орнатыңыз.
Содан кейін қорғаныш қалпақшасын сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Өлшеу құралын тек орнатылған қорғаныш қалпақшасымен бірге тасымалдап
сақтаңыз. Ластанған кезде гельді көпшіктің жабысқақтығы төмендейді.
Істікті көпшікпен бекіту
Астыңғы бет құрғақ және берік болуы тиіс.
Істіктерді істікті көпшіктің ойықтары арқылы енгізіңіз. Істіктердің астыңғы бетке
жабыспағанына көз жеткізіңіз.
Өлшеу әрекетін аяқтаған соң немесе астыңғы бет өңделген кезде (мысалы,
бұрғылау, бұрау немесе соққылау арқылы), өлшеу құралын әрдайым алып
тастаңыз.
Bosch Power Tools
1 609 92A 8LY | (21.03.2023)