All manuals and user guides at all-guides.com
5. Өңделетін материалды тесіп өтетін аралаудан кейін өнімді қалыпты жұмыс күйіне қайтарыңыз
(басатын башмак өңделетін материалға толық тиіп тұрады) және белгі сызық бойынша аралауды
жалғастырыңыз.
6 Аккумуляторлық аспаптарға күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Аккумулятор енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын әрдайым
аккумуляторды шығарыңыз!
Аспапқа қызмет көрсету
•
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
•
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
•
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
•
Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
•
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
•
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
•
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын тексеріңіз.
•
Зақымдалған және/немесе ақаулы аккумуляторлық аспапты қолданбаңыз. Бірден Hilti қызмет
көрсету орталығына жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
6.1 Күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін бақылау
▶ Аспапты күтіп, техникалық қызмет көрсеткеннен кейін барлық сақтандырғыштар орнатылғанына
және дұрыс қызмет ететініне көз жеткізіңіз.
7 Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу. Аккумуляторлар аспап ішіне енгізілген кезде, аспапты
тасымалдау барысында бақыланбайтын іске қосылу орын алып, аспапқа зақым келтіруі мүмкін.
▶ Аспапты тасымалдағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды шығарыңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды бөлек орауыштарда тасымалдаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу. Ағып кеткен аккумулятор элементтері
аспапты зақымдауы мүмкін.
▶ Аспапты сақтағанда аккумуляторларды әрдайым шығарыңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5071396 / 000 / 04
Қазақ
205