Télécharger Imprimer la page

Hilti WSR 36-A Mode D'emploi Original page 209

Masquer les pouces Voir aussi pour WSR 36-A:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
All manuals and user guides at all-guides.com
5.2 Аккумуляторды шығару
1. Босату түймелерінің екеуін де басыңыз да, ұстап тұрыңыз.
2. Аккумуляторды өнімнен артқа қарай тартып шығарыңыз.
5.3 Ара төсемін орнату
Нұсқау
1/2" енгізілетін ұштарымен ара төсемдерін ғана пайдаланыңыз.
1. Тасымалдау кезінде бұғаттау түймесін белсендіріңіз.
2. Құралдың енгізілетін ұшы таза және майланған екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, оны тазалаңыз
және майлаңыз.
3. Қысқының бекітетін құрсауын сағат тіліне қарсы бұраңыз және басып тұрыңыз.
4. Ара төсемін құрал бекіткішіне алдыңғы жағынан салыңыз.
5. Бекітетін құрсауды жіберіңіз, ол бастапқы күйге оралып, шырт етіп бекітілуі керек.
6. Тартып, төсемнің берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.4 Ара төсемін алып тастау
1. Тасымалдау кезінде бұғаттау түймесін белсендіріңіз.
2. Қысқының бекітетін құрсауын сағат тіліне қарсы бұраңыз және басып тұрыңыз.
3. Ара төсемін құрал бекіткішінен шығарыңыз.
4. Бекітетін құрсауды жіберіңіз.
5.5 Басатын башмактың орнын ауыстыру
Нұсқау
Басатын башмактың орнын ауыстыру арқылы ара төсемінің ұзындығын оңтайлы түрде
пайдалануға және бұрыштарға қол жеткізуді жақсартуға болады. Басатын башмак 6 мм (¹⁵/₆₄")
қашықтықтарда енгізіледі.
Пайдалану кезінде басатын башмак орнын ауыстырмаңыз.
1. Тасымалдау кезінде бұғаттау түймесін белсендіріңіз.
2. Ара төсемін шығарыңыз.
3. Басатын башмакты реттеу түймесін басып тұрыңыз.
4. Басатын башмакты қалаған позицияға жылжытыңыз.
5. Басатын башмакты реттеу түймесін жіберіңіз.
6. Басатын башмакты тартып, іліністі ме, соны тексеріңіз.
5.6 Жүрістер санын орнату
Нұсқау
Ұсынылатын жүрістер санының параметрі қолдану кестесінде берілген.
1. Жүрістер санының реттегішін бұрап, жүрістер санын 1 (кіші) және 6 (үлкен) аралығында орнатыңыз.
2. Бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
Нұсқау
Таңдалған жүрістер саны орнатылады.
5.7 Құбырларды кесуге арналған адаптер (жабдық)
1. Тасымалдау кезінде бұғаттау түймесін белсендіріңіз.
2. Ара төсемін шығарыңыз.
3. Басатын башмакты реттеу түймесін басып тұрыңыз.
4. Басатын башмакты құралдар тартып шығарыңыз.
5. Құбырларды кесуге арналған адаптерді құралға қажет күйде қойыңыз.
6. Басатын башмакты реттеу түймесін жіберіңіз.
7. Құбырларды кесуге арналған адаптерді тартып, ілінісе ме, соны тексеріңіз.
Printed: 30.05.2017 | Doc-Nr: PUB / 5071396 / 000 / 04
3
4
5
6
7
Қазақ
203

Publicité

loading