Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch GLL 2-15 G Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GLL 2-15 G Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
LB 10 ұстағышымен жұмыс істеу
(E−H суреттерін қараңыз)
Ұстағыштың (10) көмегімен өлшеу құралын тік
жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға
бекітуге болады. Төбелік қысқышпен (14) бірге өлшеу
құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
Өлшеу құралын 1/4 дюймдік штатив бекіткішімен (5)
ұстағыштың 1/4 дюймдік бұрандасына (11) орнатып,
берік бұрап бекітіңіз.
Ұстағыштың (10) бекіту мүмкіндіктері:
– әдеттегі бекіткіш бұранданың көмегімен құрғақ кірпіш
қалаудағы немесе ағаштағы бұрандалы саңылау (13)
арқылы (F суретін қараңыз),
– магниттердің (12) көмегімен металл беттерге
(G суретін қараңыз),
– төбелік қысқыштың (14) көмегімен төбе планкаларына
(H суретін қараңыз).
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (10) дөрекі
бағыттаңыз.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы (20)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (5)
штативтің (15) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ)
(K суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш (17) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (17)
дөрекі бағыттаңыз.
Бұрама ұстағышпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Бұрама ұстағыштың (18) көмегімен өлшеу құралын 360°-
қа бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары дәл
бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы
өзгермейді.
Бұрама ұстағышты (18) едендік штатив ретінде
пайдалануға, өлшеу құралын тік беттерге бұрап бекітуге,
өлшеу құралын магниттің (12) көмегімен металл беттерге
немесе төбелік қысқышпен (14) бірге төбе планкаларына
бекітуге болады.
Bosch Power Tools
Өлшеу құралын қосудан бұрын бұрама ұстағышты (18)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
u
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ
ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
u
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (I−K суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (21) сақтаңыз
және тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (21)
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақ | 129
1 609 92A 5EM | (20.03.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières