Аспаны реттеу
ANSI/ISEA Z89.1, CSA Z94.1 E жəне G класты, EN 50365:2002 0 класты каскалар электр тогының
пайдаланушы басы мен денесі арқылы өтуін болдырмау арқылы электр тогының соғуынан
шектеулі қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл касканың жалғыз өзін пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Қауіпті əрекетте қолдануға болатын басқа оқшаулайтын қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз.
Касканы пайдалану кезінде пайда болатын номиналды кернеу касканың электрлік
шектеулерінен аспайтынына көз жеткізіңіз.
ANSl/ISEA Z89.1 жəне CSA Z94.1 C класты каскалары электрлік қорғанысын қамтамасыз
етпейді.
Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа не өлімге əкеп соқтыруы мүмкін.
V-Gard H1 саңылаусыз каскалары E класына жатады. V-Gard H1 саңылауы бар каскалары C
класына жатады.
2
Аспаны реттеу
Максималды қорғанысты қамтамасыз ету үшін, каска басыңызда тура жəне нық бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Қолғапты, темекіні, құлаққа арналған тығынды немесе басқа заттарды аспа мен корпус
арасында САҚТАМАҢЫЗ. Бұл арадағы заттар соққы кезінде бас пен мойынға көп күш түсіріп,
ауыр жарақат алуға немесе өлімге əкелуі мүмкін. Бұл ескертулерді орындамау ауыр жарақатқа
не өлімге əкеп соқтыруы мүмкін.
1-суретті қараңыз.
3
Иек бауын реттеу
2-суретті қараңыз.
Иек бауын тығыз тартып, реттегеніңізге көз жеткізіңіз. Барлық төрт Y бау араларында бірдей
қысым қолдану үшін, тоқыма бауын бүйірлік реттегіштер арқылы дұрыс ұзындыққа дейін
тартыңыз.
4
Тексеру
KZ
Əрбір қолданыстан бұрын жəне кейін касканы тексеріңіз. Каскада тозудың немесе
зақымдалудың келесі белгілерінің бірі көрінетін болса, оны дереу қолданыстан алып тастаңыз.
Соққыдан немесе енуден кейін каскаңызды əрдайым ауыстырыңыз. Бұл ескертулерді
орындамау ауыр жарақатқа не өлімге əкеп соқтыруы мүмкін.
Корпуста зақымның, сынықтың, жарықтың, түссізденудің, ағарған жерлерінің немесе басқа да
əдеттен тыс жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Корпуста осы жағдайлардың кез келгені
болатын боса, касканы дереу қолданыстан шығарыңыз. Бұл жағдайлар касканың соққыдан,
енуден жəне/немесе электр тогының соғуынан қорғау қабілеттерінің жоғалғандығын көрсетеді.
Аспа иілгіштігінің жоғалмағанын, шытынамағанын, сынбағанын, баулардың ескірмегенін немесе
тігістердің зақымдалмағанын тексеріңіз. Егер аспада осы жағдайлар байқалса, оны дереу
ауыстырыңыз. Иек бауында жіптің жетіспеуі, кесілуі, тозуы немесе тігістердің жыртылуы секілді
жағдайлардың бар-жоғын тексеріп алыңыз. Иек бауындағы жабдықта сыну, шытынау, түссіздену
немесе кез келген басқа да əдеттен тыс жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Иек бауында
немесе жабдықта осы жағдайлардың бірі байқалатын болса, иек бауын дереу ауыстырыңыз.
Құтқару ысқырығының бітелмегенін немесе зақымданбағанын тексеріңіз. Дұрыс жұмыс істеп
тұрғанына көз жеткізу үшін, ысқырықты үрлеңіз. Егер құтқару ысқырығы зақымдалған немесе
сынған болса, иек бауын ауыстырыңыз. Көбікті төсеніштің корпусқа бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Көбікті төсініште жарықтың немесе зақымның бар-жоғын тексеріңіз. Егер көбікті төсеніш
зақымдалған болса, касканы дереу қолданыстан шығарыңыз.
52
Ескерту!
Ескерту!
Ескерту!
®
V-Gard
H1 қауіпсіздік каскасы