Ақаулықтарды Жою; Пайдаланушы Туралы Ақпарат - Monitor Audio CUSTOM Serie Guide D'utilisation Du Propriétaire

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
Ақаулықтарды жою
Сабвуферде кез келген техникалық немесе реттеу мәселелері болса, төмендегі ақаулықтарды жою нұсқаулығын
қараңыз:
Сабвуферім қосылмайды/қуат жоқ.
Блоктың алдыңғы жағында ЖШД жанған ба? Олай болмаса, желілік сым сабвуферде және желілік розеткада
дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Сондай-ақ, зорайтқыштың сақтандырғышын және желілік ашаны (орнатылған
болса) тексеріңіз.
ЖШД қызыл ма? Солай болса, блокқа қуат барып жатыр. Сигнал болмауы немесе 12 В триггер қосылған және
бастапқы көз қосылмаған болуы мүмкін (төменде қараңыз).
12 В триггер қосылған ба? Солай болса, сабвуфердің қуаты бастапқы көз қосылғанша қосылмайды.
Блок сигнал қабылдап жатыр ма (12 В триггер пайдаланылып жатқан жоқ па)? Сигналдың бастапқы көзі
қосылған ба және бір нәрсе ойнатып жатыр ма? Бастақы көздің дыбыс деңгейін реттеп көріңіз.
Егер ол әлі қосылмай жатса/қуат қосылмай жатса, жергілікті дилерге/дистрибьюторға немесе Monitor Audio
компаниясына бірден хабарласыңыз.
Сабвуферден дыбыс шықпайды.
Алдыңғы жақтағы ЖШД қызыл түсті ме немесе жасыл түсті ме? Егер ол қызыл болса, блок іс жүзінде қосылмаған.
Алдыңғы ұсыныстарды қараңыз. Егер ол жасыл болса, онда блок қуаты қосылған және ол қосылған. Содан
кейін төмендегі ұсыныстарды тексеріңіз.
Кіріс кабель(дер)і дұрыс жалғанған ба? Оларды тексеріңіз. Мүмкін болса, екінші жұмыс істейтін жинақпен
ауыстыру арқылы тексеріңіз.
Дыбыс деңгейі тым төмен бе? Көздегі дыбыс деңгейін азғантай көтеріп көріңіз.
Кірістерді ауыстырып көрдіңіз бе? Егер LFE кірісінен Stereo (Стерео) кірісіне (немесе керісінше) ауыстырсаңыз,
алдымен сабвуфердің қуатын өшіру керек. Ол өзін іске қосқан кіріске «құлыпталған» болып қалады.
Егер ол әлі сигнал шығармай жатса, жергілікті дилерге/дистрибьюторға немесе Monitor Audio компаниясына бірден
хабарласыңыз.
Пайдаланушы туралы ақпарат
Өнім туралы мәліметтер
Үлгі: CW8 / CW10.
Өнімнің сериялық нөмірі:
Зорайтқыштың сериялық нөмірі:
Сатып алу күні:
Дилер туралы мәліметтер
Дилердің аты:
Мекенжай :
электрондық пошта мекенжайы:
Телефон нөмірі:
130
CUSTOM SUBWOOFER

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Cw8Cw10Gsw12

Table des Matières