▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2 Дрельдермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Соққымен бұрғылау кезінде қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті
жоғалуы мүмкін.
▶ Қосымша тұтқышты пайдаланыңыз. Аспапты бақылауды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Электр құралын пайдалану алдында жақсылап тіреп қойыңыз. Аталмыш электр құралы жоғары
айналу моментін түрлендіреді. Электр құралы пайдалану барысында берік тірелмеген жағдайда,
бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы құрал немесе бұрандалар жасырын қуат сымдарымен немесе өзінің
байланыс сымдарымен жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды орындап жатқан кезде электр
құралын оқшауланған тұтқа беттерінен ұстаңыз.
қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Бұрғы үшін рұқсат етілген максималды айналу жиілігінен жоғары айналу жиілігімен еш
жағдайда жұмыс істемеңіз.
жанаспай еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып
тұрғанда ғана бастаңыз. Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай
еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық бағытпен бұрғылаңыз. Бұрғылар
қисайып жарылуы мүмкін немесе бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
Араластырғыш себеттер мен араластырғыш қалақшаларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Араластырғыш себет араластырылатын материалға қойылғанда ғана электр құралын
қосыңыз немесе өшіріңіз. Кері жағдайда бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алу қаупі
туындауы мүмкін.
2.3 Перфоратор қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз.
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын және/немесе төмен түсетін сынықтар адамдарға жарақат тигізуі мүмкін.
▶ Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде
ұстаңыз.
▶ Пайдаланатын аспабыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың арнайы
жеке бөлінген жерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері
кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс шлемін, құлаққап, қорғаныс
қолғап пен жеңіл респиратор тағып жүріңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз.
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
Printed: 10.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5150798 / 000 / 05
Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен
нұсқауларға сай
Электр сымдарына тигенде аспаптың
Аспапты басқаруды жоғалту
Алмалы-салмалы аспапқа тию
Қазақ
129