3M Peltor WS ProTac XP MT15H7 WS5 Série Instructions D'utilisation page 171

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 10
Мойынға тағылатын бөлік
Доға таспасын ашып, гарнитураны құлақ жастықшалары тығыз тұратындай етіп құлақтың үстіне
орналастырыңыз.
Құлақ жастықшалары құлақтардың үстіне орныққанда, доға таспасын қосыңыз.
Доға таспасы бастың жоғарғы жағында тұруы керек.
3. ҚОЛДАНУ/ФУНКЦИЯЛАРЫ
3:1 Гарнитураны қосу және өшіру
Гарнитураны қосу немесе өшіру үшін, On/Off/Mode түймесін (B:7) 2 секунд басып тұрыңыз.
3:2 Bluetooth арқылы жұптау
Гарнитураны мына профильдерді қолдайтын Bluetooth құрылғыларымен жұптап, байланыстыруға болады:
A2DP, HFP немесе HSP.
Стерео дыбысты/музыканы тек A2DP Bluetooth профилін қолдайтын құрылғы (қалта телефоны, компьютер
және т.б.) арқылы ағынмен ойнатуға болатынын ЕСКЕРІҢІЗ.
Гарнитура зарядталғанына және өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
On/Off/Mode түймесін (B:7) 5 секунд басып тұрыңыз. Бұл гарнитураны қайталанатын дауыс хабарламасы
арқылы расталатын жұптау режиміне қояды: «Bluetooth pairing mode» (Bluetooth жұптау режимі).
Телефоныңыздағы Bluetooth функциясын іске қосып, жаңа құрылғыларды іздеңіз. Бірнеше секундтан кейін
экранда «Peltor WS5» белгісі пайда болады.
«Peltor WS5» белгісін таңдаңыз.
Егер телефон құпия сөз сұраса, мына кодты енгізіңіз: 0000.
Жұптау мына дауыс хабарламасын естіген кезде расталады: «pairing complete» (жұптау аяқталды).
Bluetooth жұптау функциясы іске қосылғаннан кейін, ол келесі жолы қолданылғанда «connecting Bluetooth»
(Bluetooth арқылы қосылуда), содан кейін құрылғылар қосылғанда «connected» (байланыс орнады)
деген растау дауыс хабарламасымен автоматты түрде гарнитурамен байланыс орнатады. 3 құрылғыға
дейін жұптап, сақтауға болады. Гарнитура алдымен ең соңғы байланысқан құрылғымен автоматты түрде
байланысуға тырысады.
3:3 Телефон қоңырауларын басқару
Телефон қоңырауларын басқару үшін гарнитура Bluetooth мүмкіндігі бар қалта телефонымен жұпталып,
байланысуы керек. Bluetooth арқылы жұптау бөлімін қараңыз.
Қоңырауларға жауап беру
Кіріс қоңыраулар гарнитурада «incoming call» (кіріс қоңырау) деген дауыс хабарламасы арқылы білдіріледі.
Жауап беру үшін Bluetooth түймесін (B:10) басып қалыңыз.
Қоңырауды қабылдамау
Қоңырауды қабылдамау үшін, Bluetooth түймесін (B:10) 2 секунд басып тұрыңыз.
Дауыспен нөмір теру
Bluetooth түймесін (B:10) басып қалыңыз.
Нөмірді қайта теру
Bluetooth түймесін (B:10) 2 секунд басып тұрыңыз.
3:5 Айналадағы дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін арттырыңыз. (Жоғарылату) + түймесін (B:8) басыңыз.
Дыбыс деңгейін азайтыңыз. (Төмендету) – түймесін (B:8) басыңыз.
3:6 Қоңырау (қалта телефоны) дыбысының деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін сөйлесу кезінде (+) немесе (–) түймелерін (B:8) басу арқылы реттеуге болады.
Сөйлесу кезінде айналадағы дыбыс деңгейін реттеу үшін, On/Off/Mode түймесін (B:7), содан кейін (+) немесе (–)
түймелерін (B:8) басыңыз.
KZ
169

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières