kk
Тазалау және күту
Жұмыстан кейін
■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш
арқылы өшіріңіз.
■ Араластырғышты сағат бағытымен
бұрап, алып тастаңыз.
Кеңес: Араластырғышты қолданған соң
бірден тазалаңыз.
Тазалау және күту
Назар аударыңыз!
Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын
қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне
апаруы мүмкін.
Негізгі бұйымды тазалау
W Ток соғу қаупі бар!
Негізгі бұйымды ешқашан су ішіне
батырмаңыз және ағынды су астында
ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын
пайдаланбаңыз.
■ Ашаны розеткадан шығарыңыз.
■ Негізгі бұйым мен жетектің қорғаныс
қақпағын ылғалды шүберекпен сүртіңіз.
Қажет болса, біраз ыдыс жуғыш құрал
қолданыңыз.
■ Содан кейін бұйымды құрғақтай
сүртіңіз.
Ыдыс пен құралды тазалау
Ыдыс және құрал ыдысаяқ жуатын
машинада жуу үшін жарамды. Пластик
бөлшектерді ыдысаяқ жуатын машинада
қыспаңыз, себебі шаю барысында
қалдықтар пайда болуы мүмкін!
Асүйлік майдалағышты тазалау
Асүйлік майдалағыштың барлық
бөлшектері ыдысаяқ жуатын машинада
жуу үшін жарамды.
Кеңес: Мысалы, сәбіз өңдеуден кейін
қалатын қызыл тұнбаны кетіру үшін,
шүберекке біраз өсімдік майын жағып,
асүйлік майдалағышты (майдалағыш
дискілерді емес) сүртіңіз. Содан кейін
асүйлік майдалағышты шайыңыз.
216
Араластырғышты тазалау
W Өткір пышақтан жарақаттану
қаупі бар!
Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен
тимеңіз.
Араластырғыш ыдысын, қақпақты және
құйғышты ыдысаяқ жуу машинасында
жууға болады.
Кеңес: Сұйықтықтарды өңдегеннен кейін
әдетте араластырғышты тазалау үшін
оны бұйымнан алып тастау қажет емес.
Ол үшін біраз суды жуғыш құралмен бірге
орнатылған араластырғышқа құйыңыз.
Араластырғышты бірнеше секундқа
қосыңыз (M қадамы). Шаюға қолданылған
суды төгіп, араластырғышты таза сумен
шайыңыз.
Маңызды нұсқау
Көмекші құрал дорбасын қажетінше
тазалаңыз. Дорбадағы күту бойынша
нұсқауларды орындаңыз.
Сақтау
W Жарақаттану қаупі бар!
Бұйымды қолданбаған кезде ашаны
розеткадан шығарыңыз.
K суреті:
■ Құралдар мен майдалағыш дискілерді
көмекші құрал дорбасына салыңыз.
■ Көмекші құрал дорбасын ыдыс ішінде
сақтаңыз.
■ Түпнұсқа орауышта сақтау үшін
L суретін қараңыз.
Ақаулықтар орын алған
жағдайдағы көмек
W Жарақаттану қаупі бар!
Ақаулықты жою алдында ашаны
розеткадан шығарыңыз.
Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде
енгізілуі керек.
Біріншіден пайда болған мәселені
төмендегі нұсқауларды қолданып шешуге
тырысыңыз.