Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Іштен жанатын қозғалтқыш мотор
майынсыз жеткізіледі. Сондықтан
алғаш рет іске қосудан бұрын
мотор майын құйыңыз.
Рұқсатты май деңгейінен асыру
жəне төмендету іштен жанатын
қозғалтқыштың зақымдалуына
апарып соғуы мүмкін.
● STIHL бақша телімін күтуге арналған
қондырғысын тегіс бетке қойыңыз,
іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз.
● Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
шығарыңыз жəне сүртіңіз.
● Май деңгейінің көрсеткішін (1) құю
келте құбырына енгізіңіз – бұрап
бекітпеңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін қайтадан
алып тастаңыз жəне деңгей
шкаласындағы (2) май деңгейін
көріңіз.
● Қажет болса, мотор майын ең жоғары
май деңгейіне дейін құйыңыз.
Арнайы шұңғыма пайдаланыңыз.
● Май деңгейінің көрсеткішін (1)
қайтадан бұрап бекітіңіз.
6.2 Жанармай құю
Іштен жанатын қозғалтқыш
этилденбеген бензин үшін
мақұлданған. Этилденбеген бензин
азырақ қалдықтармен жанады, от
алдыру білтесіндегі тұнбаларды
азайтады жəне газ шығару жүйесінің
қызмет ету мерзімін ұзартады.
Жанармайға қойылатын талаптар:
– жаңа, таза жəне этилденбеген
бензин,
0478 983 9902 A - KK
– кем дегенде 85 октан,
– максималды этанол құрамы 10 %
(E10).
STIHL компаниясы STIHL MotoPlus
жанармайын ұсынады. Бұл жанармай
құрамында бензол, күкірт пен зиянды
иістер жоқ дерлік.
Бак сыйымдылығы: 0,9 литр
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
STIHL компаниясы жаңа бензин
маркаларын пайдалануды
ұсынады, май қоспасы (екі тактілі
қоспа) бар бензинді қолдануға
тыйым салынады. Тұрып тұнған
немесе ластанған жанармайды
құюға болмайды. Бак ішінің
кірмен жəне сумен ластануын
болдырмаңыз. E85 сияқты рұқсат
етілмеген бензинді қолданбаңыз.
Гүрсіл не шуыл естіген жағдайда
бензин маркасын ауыстырыңыз.
Қажет болса, делдалға
хабарласыңыз, STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
● STIHL бақша телімін күтуге арналған
қондырғысын тегіс бетке қойыңыз,
іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз жəне суытыңыз.
● Бак қақпағын (1) бұрап шығарыңыз.
3
● Бензинді құю келте
құбырының астыңғы
жиегіне дейін барынша
құйыңыз, жанармай құю
орны кеңеюі тиіс.
Арнайы шұңғыма
пайдаланыңыз.
● Бак қақпағын (1) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
7. Техникалық қызмет
көрсету
7.1 Техникалық қызмет көрсету
жоспары
Көрсетілген техникалық қызмет көрсету
аралықтары қауіпсіз, тиімді əрі
ақаулықсыз қолдану үшін əзірленген.
Жарақат алу қаупі бар!
Барлық техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаудан
бұрын іштен жанатын
қозғалтқышты тоқтатып, от
алдыру білтесі сымының
штекерін ажыратыңыз.
Əр пайдаланудан бұрын:
● Майдың толтыру деңгейін тексеру
(
6.1)
● Ауа сүзгісін тексеру (
7.2)
Алғашқы 5 жұмыс сағатынан кейін
немесе 1-ші айдан кейін:
● Мотор майын ауыстыру (
Əр 25 сағат немесе əр 3 ай сайын:
● Ауа сүзгісін тазалау (
7.2)
Əр 50 сағат немесе əр 6 ай сайын:
● Мотор майын ауыстыру (
● От алдыру білтесін тексеру (
Əр 100 сағат немесе əр 12 ай сайын:
● Тексеру жұмысын делдалға
тапсырыңыз. STIHL компаниясы
STIHL делдалдарын ұсынады.
7.3)
7.3)
7.4)
147