Пайдалану Түрлері - Bosch GST 18 V-LI S Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GST 18 V-LI S Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
OBJ_BUCH-2148-002.book Page 141 Friday, January 16, 2015 11:21 AM
Шаңсорғышты қосу (D–E суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырларды 20 тіреу тақтасының 7
тесігіне орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангін 21 (жабдық) аспирациялық келте
құбырына 20 қосыңыз. Шаңсорғыш шлангін 21
шлангсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулық
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу тәсілдері берілген.
Оптималды шаңсоруды мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны 22 орнатыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина
(F суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина 22 ағаш аралауда беттің
жарылып кетуінен сақтауы мүмкін. Жарылудан сақтайтын
пластинаны тек арнайы аралау дискі түрлерінде және 0°
кесік бұрышында пайдалану керек. Тіреу тақтасын 7
жарылудан сақтайтын пластинамен аралауда артқа қырға
жақын аралауға жылжыту мүмкін емес.
Жарылудан сақтайтын пластинаны 22 алдынан тіреу
тақтасына жылжытыңыз 7.
Сырғақ (G суретін қараңыз)
Пластмассалық сырғу плитасы 6 тіреу тақтасында 7
сезімді беттердің қырылуын кемейтеді. Металды өңдеуде
болаттық сырғақты 23 пайдаланыңыз.
Болаттық сырғақты 23 орнату үшін оны алдындан тіреу
плитасына 7 жылжытыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Тербелуді реттеу
Төрт басқышты тербелу аралау жылдамдығын, аралау
өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға
лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеуші тұтқышпен 8 пайдалану кезіндегі тербелісті
реттеуге болады.
тербелусіз
жай тербелу
орташа тербелу
қатты тербелу
Әрбір пайдаланудағы оптималды тербелу басқышын
тәжірібемен білу мүмкін. Онда төмендегі ұсыныстарға
назар аударыңыз:
– Аралау шеті нәзік немесе таза болуы қажет болса, жай
тербелу басқышын реттеңіз немесе тербелуді өшіріңіз.
– Жіңішке заттарды (қаңылтыр) өңдеуде тербелуді
өшіріңіз.
– Қатты заттарды (болат) жай тербелумен өңдеңіз.
– Жұмсақ материалдарды және ағашты талшығымен
аралауда максималды тербелуді пайдалану керек.
Bosch Power Tools
Бағыт бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
(тек GST 18 V-LI B)
Тірек тақтасын 7 қисық аралауда 45° шейін оңға немесе
солға қисайту мүмкін.
Аспирациялық келте құбырды 20 шешіңіз.
24 бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 5 тіреу тақтасын 7
аккумулятор 3 бағытында жылжыту мүмкін болғаныша
босатыңыз.
Дәл қисаю бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасында оң жән
сол жағында 0° мен 45° бұрыштарында тірелу нүктелері
бар. Тіреу тақтасын 7 шкалаға 25 сай керекті күйге
қисайтыңыз. Басқа қисаю бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеу мүмкін.
Сосын тіреу тақтасын 7 ара полотносы 10 бағытында
тірелгенше жылжытыңыз.
Бұрандалы шегені 24 қайта бұрап қойыңыз.
Аспирациялық келте құбыр 20 мен жарылудан сақтайтын
пластинаны 22 қисық аралауда орнату мүмкін емес.
Тіреу тақтасын жылжыту (H суретін қараңыз)
(тек GST 18 V-LI B)
Шетке жақын болатын аралау үшін тіреу тақтасын 7 артқа
жылжыту керек.
24 бұрандасын ішкі алты қырлы кілтпен 5 тіреу тақтасын 7
аккумулятор 3 бағытында жылжыту мүмкін болғаныша
босатыңыз.
Бұрандалы шегені 24 қайта бұрап қойыңыз.
7 жылжытылған тіреу тақтасымен жұмыс істегенде 22
жарылудан сақтайтын пластинасын пайдалану мүмкін
емес.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды 3 төменнен электр
құралының тұтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл
сызық көрінбегенше, аккумулятор бекітілгенше толық
тұтқаға салыңыз.
Қосу/өшіру (GST 18 V-LI B)
Электр құралын қосу үшін алдымен таңбаның қасындағы
қосу бұғаттамасына 1 басып өшіріңіз. Сосын
қосқыш/өшіргішті 2 басып ұстап тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 2 жіберіңіз.
Қосу бұғаттамасын 1 белсендіру үшін таңба қасындағы
қосу бұғаттамасына басыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 2
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Қосу/өшіру (GST 18 V-LI S)
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 2 алға
жылжытып „1" қосқышты көзге түсетін қылыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 2 „0"
қосқышы көрінгеніше артқа жылжытыңыз.
Қaзақша | 141
1 609 92A 15H | (16.1.15)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gst 18 v-li b professionalGst 14,4 v-li professionalGst 18 v-li professional

Table des Matières