Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
ҚАУІП
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс
кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап
етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты
жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы
електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Дұрыс тазаламау салдарынан електің
зақымдануы.
Електі тек оның ағынына қарама-қарсы бағытта
ағынды су астында тазалаңыз.
Өткір немесе қатты заттарды
пайдаланбаңыз, мысалы, инелер немесе сым
щеткалар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Елексіз немесе зақымдалған елекпен жұмыс кезінде
құрылғы мен керек-жарақтардың зақымдалуы.
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас
бұрын зақымдарға тексеріңіз. Зақымдалған електі
дереу ауыстырыңыз.
Құрылғыны елексіз пайдаланбаңыз.
Қажет болса, електі су жеткізуге арналған
жалғағышта тазартыңыз.
1. Су қосылымындағы муфтаны бұрап алыңыз.
2. Електі шығарыңыз.
Сурет M
3. Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
4. Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа
салыңыз.
Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау
Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға
арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
1. Жуғыш құралға арналған сорғыш құбыршектен
сүзгіні алып тастаңыз.
2. Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз.
Сурет N
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды
пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай
қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы
жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, ресми
сервис орталығына хабарласыңыз.
ҚАУІП
Өмірге қауіп!
Ток өткізетін бөліктерге тиген кезде электр
тогының соғуы салдарынан болатын өлімге
əкелетін жарақаттар.
Ток өткізетін бөліктерге жақындамаңыз.
Құрылғыны өшіріңіз.
Ашаны қуат беру сымынан тартып шығармаңыз.
124
Құрылғы жұмыс істемейді
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек
көзінің кернеуімен сəйкес келе ме, жоқ па,
тексеріңіз.
3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Құрылғы қысым тудырмайды
Су жеткізу жеткіліксіз.
1. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
2. Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па,
тексеріңіз.
3. Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
4. Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқ па,
тексеріңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі
кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
2. Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Сурет M
Құрылғыдағы ауа.
1. Құрылғыны желдетіңіз:
a Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2
минутқа қосыңыз.
b Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз жəне су
көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз.
c Шүмекті қосыңыз.
Қысымның күшті айырмасы
1. Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
a Саптаманың саңылауынан.
b Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып
алыңыз.
2. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
1. Құрылғының шағын саңылаулылығын оның
конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті
саңылаулылық кезінде авторландырылған
сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
1. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен
ажыратыңыз жəне тек қана жоағыр тегеурінді
пистолетпен жұмыс істеңіз.
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі
сүзгіні тазалаңыз.
3. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге
тексеріңіз.
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайымыз артқы бетте)
Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса)
жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер»
бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады.
Шығару күні фирмалық тақтайшада MM/YYYY
пішімінде көрсетіледі, мұнда MM - өндіріс айы, YYYY
- шығарылған жылы немесе кодталған түрде.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30290
3 Өндірілген жылы
0 Өндірілген ғасыры
2 Өндірілген онжылдық
Қазақша
Кепілдік