Télécharger Imprimer la page

Kärcher K2 Premium Manuel D'utilisation page 122

Publicité

Құрылғыдағы белгілер
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу
желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген
бөлшектерді монтаждаңыз.
Жиынтықтан бұранданы жəне сəйкес келетін
бұрауышты дайындап қойыңыз.
Дөңгелектерді монтаждау
1. Құрылғыдағы дөңгелектерді бекітіңіз.
Сурет B
Тасымалдау тұтқасын орнатыңыз
1. Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз.
2. Тасымалдау тұтқасын 4 бұрандамен бекітіңіз.
Сурет C
Жоғары қысымды пистолетке арналған
қойманы орнатыңыз
1. Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы
құрылғыдағы ұстағышқа сырғытыңыз.
2. Сақтауды соңғы күйінде нық ұстаңыз жəне
бұрандамен бекітіңіз.
Сурет D
Бүріккіш түтікке арналған қойманы
орнатыңыз
1. Бүріккіш түтікке арналған қойманы құрылғыдағы
ұстағышқа итеріңіз.
2. Сақтауды соңғы күйінде нық ұстаңыз жəне
бұрандамен бекітіңіз.
Сурет E
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны
монтаждау
1. Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су
жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз.
Сурет F
Пайдалануға енгізу
1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
2. Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп,
ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
3. Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыға
жалғаңыз.
a Муфтадағы қысқышты көтеріңіз.
b Жоғары тегеурінді құбыршекті муфтаға
салыңыз.
c Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
Сурет G
4. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолетке жалғаңыз.
a Қысқышты қысыңыз.
b Қысқышты шығарыңыз.
c Жоғары тегеурінді құбыршекті салыңыз.
d Сарт етіп жабылғанша тұтқаны қысып
тұрыңыз.
Сурет H
122
5. Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің
сенімділігін тексеріңіз.
6. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Қосылатын жүктемені Фирмалық тақтайшадан
немесе бөлімнен қараңыз Техникалық
мағлұматтар.
Сумен қамтамасыз ету кəсіпорнының нұсқауларын
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының жəне оның
жабдықтарының зақымдануына алып келеді.
KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін
пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс
беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғының су қосылымында шлангінің
Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-
пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған
жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
2. Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
Сурет I
3. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдану қаупі!
Құрғақ жұмыс кезінде сорғының зақымдануы.
Егер құрылғы 2 минут ішінде қысым жасамаса, оны
өшіріңіз.
Ақаулар кезіндегі көмек-тараудағы нұсқауларға
сəйкес əрекет етіңіз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Боялған немесе сезімтал беттердің
зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған
жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған
жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет J
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Қазақша
Су беру
Пайдалану

Publicité

loading