Принтердің бағдарламалық жасақтамасы туралы ақпарат
Wi-Fi ақауларын жою
Бастапқы теңшеу кезінде теңшеу
режимін қалпына келтіріңіз:
Егер көк Wi-Fi шамы жыпылықтамаса,
принтер Wi-Fi реттеу режимінде болмауы
мүмкін. Басқару тақтасын тексеріп,
нұсқау берілсе, «Resume Setup» (Реттеуді
жалғастыру) опциясын таңдаңыз.
Принтерді пайдалану кезінде Wi-Fi теңшелімдерін қалпына келтіріңіз:
1. Басқару панелінде Menu > Settings > Network (Мәзір > Параметрлер > Желі) тармағын түртіңіз.
Restore Network Settings (Желі параметрлерін қалпына келтіру) тармағына жылжып барып,
«Restore» (Қалпына келтіру) түймесін түртіңіз.
2. Принтер Wi-Fi желілерін сканерлеп болғанша күтіңіз. Желіңізді таңдап, құпиясөзді енгізіңіз де,
оған қосылыңыз.
3. Егер болса HP бағдарламалық жасақтамасын ашып, принтерді қайтадан қосыңыз.
Басқа ықтимал ақаулар
Компьютер немесе мобильді
құрылғы принтерден алыс
Компьютер виртуалдық
жеке желіге (VPN) немесе
қашықтағы жұмыс желісіне
жалғанған
Компьютерде (Ethernet
арқылы жалғанған
компьютер) Wi-Fi желісі
өшірілген
Мобильді құрылғыда
Bluetooth және орналасқан
жер қызметтері өшірілген
Бұл құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
HP бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін hp.com/start/ojp8130
сайтына кіріңіз. Бұл бағдарламалық жасақтама басып шығарудың және
сканерлеудің негізгі драйверлерін ұсынады, сондай-ақ сізге принтерді
Wi-Fi желісіне қосуыңызға көмектеседі.
Компьютерді немесе мобильді құрылғыны принтерге
жақындатыңыз. Құрылғы принтердің Wi-Fi сигналының
ауқымынан тыс болуы мүмкін.
HP бағдарламалық құралын орнатпас бұрын, VPN желісінен
ажыратыңыз. VPN желісіне жалғаулы кезде Microsoft Store
ұсынатын қолданбаларды орната алмайсыз. Принтердің
параметрлерін орнатқаннан кейін VPN желісіне қайта жалғаңыз.
Ескертпе: VPN желісінен ажырамас бұрын орныңыз бен
Wi-Fi желісінің қауіпсіздігін тексеріңіз.
Егер компьютеріңіз Ethernet арқылы жалғанған болса,
принтердің параметрлерін орнату кезінде компьютердің Wi-Fi
желісін іске қосыңыз. Wi-Fi арқылы параметрлерді орнату
аяқтау үшін Ethernet кабелін уақытша ажыратыңыз.
Егер параметрлерді мобильді құрылғының көмегімен
орнатсаңыз, Bluetooth пен орналасқан жер қызметтерін
іске қосыңыз. Бұл бағдарламалық жасақтаманың желі мен
принтерді табуына көмектеседі.
Ескертпе: Орныңыз анықталған жоқ және параметрлерді
орнатудың бір бөлігі ретінде HP компаниясына орын туралы
ешқандай ақпарат жіберілген жоқ.
Шешімі
13