124 | Қазақ
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) артқа
қарай "0" күйіне жылжытыңыз.
Нұсқау: егер электр құралы аккумулятор заряды
таусылған немесе аккумулятор қатты қызған кезде
автоматты түрде өшсе, оны ажыратқыш (2) арқылы
өшіріңіз.
Электр құралын қайта қосар алдында аккумуляторды
зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор
зақымдалуы мүмкін.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы / артық
жүктеме индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы / артқы
жүктеме индикаторы (1) электр құралы қосулы болған
кезде аккумулятор зарядының деңгейін немесе артық
жүктемені көрсетеді.
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық, жасыл
≥30 %
Үздіксіз жарық, қызыл
<30 %
Артық жүктемемен жұмыс істеген кезде аккумулятор
заряды деңгейінің индикаторы / артық жүктеме
индикаторы (1) жасыл түспен жыпылықтайды. Бұл электр
құралы жоғары тербелу санымен жұмыс істеп, жоғары
тозу дәрежесіне жететінін білдіреді.
Мақсаты бойынша қолдану кезінде электр құралына
артық жүктеме түспейді. Тым қатты жүктеме түскенде
аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы / артық
жүктеме индикаторы (1) шамамен 2 секунд ішінде қызыл
түспен жыпылықтайды. Ұзақ уақыт артық жүктеме
түскенде қозғалтқыш 1 секундқа тоқтап, аккумулятор
заряды деңгейінің индикаторы / артық жүктеме
индикаторы (1) шамамен 5 секунд ішінде қызыл түспен
жыпылықтайды.
Қатты жүктеме түскенде немесе аккумулятор
температурасы рұқсат етілген 70 °C шамасынан асқанда,
электроника электр құралын ол оңтайлы температура
диапазонына қайтып оралғанша өшіреді. Аккумулятор
заряды деңгейінің индикаторы / артық жүктеме
индикаторы (1) шамамен 5 секунд ішінде қызыл түспен
жыпылықтайды.
Нұсқау: Егер өлшеу құралы аккумулятор заряды ада
болғандықтан өшсе, онда оны қосқыш/өшіргішпен (2)
өшіріңіз.
Электр құралды қайта қосар алдында аккумуляторды
зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор
зақымдануы мүмкін.
Зарядтың қатты таусылуынан қорғаныс
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы
зарядтың қатты таусылуынан қорғалған. Аккумулятор
заряды таусылған болса, электр құралы қорғаныш
ажыратқыш арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап
жылжымай, акумулятор заряды деңгейінің индикаторы /
артық жүктеме индикаторы (1) шамамен 5 секунд ішінде
қызыл түспен жыпылықтайды.
1 609 92A 86A | (13.07.2022)
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз.
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу
дискін таңдау және басу күші арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін
бірқалыпты басуға талпыныңыз.
Бұрыш, қыр және қол жеткізу қиын болатын жерлерде
нақты ажарлау үшін ажарлау пластинасының ұшын
немесе қырын пайдалану керек.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын
пайдаланыңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
Bosch Power Tools