Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш (B − C суреттерін қараңыз)
Шаңсорғышсыз жұмыс істеу кезінде үрлеп шығару келте
құбырын (8) шаңнан қорғайтын қақпақпен (9) жауып
қойыңыз.
Шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін шаңнан қорғайтын
қақпақты (9) алып тастаңыз.
Сору адаптерін (10) үрлеп шығару келте құбырына (8)
енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (12) әмбебап адаптермен (11)
сору адаптеріне (10) енгізіңіз.
Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға
жалғау әдістеріне шолу берілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ажарлау дискісін алмастыру
(D суретін қараңыз)
Жаңа ажарлау дискісін енгізуден бұрын ажарлау
пластинасын (6) кір мен шаңнан, мысалы, жаққышпен
тазалаңыз.
Оңтайлы шаң соруды қамтамасыз ету үшін ажарлау
дискісіндегі ойықтардың ажарлау пластинасының
ойықтарына сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Ажарлау пластинасы (6) жабысқақ матамен
жабдықталған, осылайша ажарлау дискісін жылдам және
оңай бекітуге болады.
Оңтайлы ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін жабысқақ
матаны ажарлау пластинасында (6) ажарлау дискісін (5)
орнатудан бұрын қағып шығарыңыз.
Электр құралы 2 ажарлау пластинасымен жабдықталған,
оларды тозу деңгейіне қарай бөлек алмастыру қажет.
Электр құралын тек екі ажарлау пластинасы
u
орнатылғанда ғана пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Тек бірдей түйірлілікке ие ажарлау пластиналарын
u
пайдаланыңыз.
Ажарлау дискісін (5) ажарлау пластинасының (6) бір
шетіне қойып, ажарлау дискісін ажарлау пластинасына
орнатып, қатты басыңыз.
Ажарлау дискісін (5) алып тастау үшін оны ұшынан ұстап,
ажарлау пластинасынан (6) шығарыңыз.
Bosch дельта ажарлағышының ажарлау пластиналарын
пайдалану қажет.
Тоқымасыз/жылтыратқыш киіз сияқты ажарлау
жабдықтары да осы әдіспен ажарлау пластинасына
бекітіледі.
Ажарлау дискісін таңдау
Өңделетін материал және қажетті беттің алынуына
байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
Тапсырма
Ағаш, бояу, толтырғыш, лак, қатты мен
жұмсақ ағаш және жоңқа плиталары мен
металл сияқты заттарды өңдеу үшін
Сүргіленбеген брус немесе
тақтайларды алдын ала ажарлау
үшін
Жалпақ ажарлау және аздаған
кедір-бүдірді ажарлау үшін
Қатты ағашты соңғы және нәзік
ажарлау үшін
Соңғы өңдеу немесе жылтырату үшін, әсіресе метал мен
тасты, флизелин/жылтырату киізін пайдаланыңыз.
Дайындаманы керекті бет сапасына байланысты түрлі
флизелин немесе жылтырату киіздерін пайдалануға
болады.
Ажарлау пластинасын алмастыру
Жинақтағы ажарлау пластинасы (6) екі бөліктен тұрады:
негізгі пластина мен ауыстырмалы алдыңғы пластина.
Алғы диск жабысқақ матамен жабдықталған және оны
алмастыру мүмкін. Алғы дискіні алып қою үшін ұшынан
ұстап тартып алыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Аккумуляторды салуда күш салмаңыз. Аккумулятор
u
электр құралына тек дұрыс күйде салынатын етіп
құрылған.
Зарядталған аккумуляторды, оның бекітілуі сезілгенше,
аккумулятор бекіткішіне кіргізіңіз.
Қосқыш/өшіргіш
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (2) алға
қарай "I" күйіне жылжытыңыз.
Қазақ | 123
Түйірлілік
40−180
дөрекі 40
орташа 80, 120
майда 180
1 609 92A 86A | (13.07.2022)