Шаң жинағыш қапты жүйелі түрде босату және сүзгіні
тазалау оңтайлы сору қуатын қамтамасыз етеді.
Егер сору қуаты сонда жетпесе, сорғышты қызмет
көрсету орталығына апару керек.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Тасымалдау
Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті
тауарларға қойылатын талаптарға бағынады.
Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша
құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу)
орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды
сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді
тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Bosch Power Tools
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана
жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және
аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет
болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату
Шаңсорғыш, аккумуляторлар, жабдықтар
мен орамалар қоршаған ортаны сақтайтын
ретте кәдеге жаратуға апарылуы керек.
Аккумуляторлар/батареяларды үй қоқысына
тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы
2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық
заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан
былай жарамсыз шаңсорғыштарды және 2006/66/ЕC
еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе
ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап,
қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу
қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және
электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу
мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз
(қараңыз „Тасымалдау", Бет 79).
Română
Instrucțiuni de siguranță pentru
aspiratoare
Citiţi toate indicaţiile şi instrucţiunile de
siguranţă. Nerespectarea instrucţiunilor şi
indicaţiilor de siguranţă poate provoca
electrocutare, incendiu şi/sau răniri grave.
Păstraţi toate instrucţiunile şi indicaţiile de siguranţă în
vederea utilizărilor viitoare.
Acest aspirator nu este destinat
u
utilizării de către copii şi de către
persoane cu capacităţi fizice,
senzoriale sau intelectuale
limitate sau lipsite de experienţă
şi cunoştinţe. În caz contrar există
Română | 79
1 609 92A 7UP | (30.05.2022)