Télécharger Imprimer la page

Hotpoint TAAN 6 FNF Serie Mode D'emploi page 54

Publicité

ішіне үшкір және кесетін заттарды, сонымен қатар өндіруші
KZ
рұқсат бергендерін қоспағанда электр құралдарын
салмаңыздар.
• Мұздатқыштан жаңадан алынған мұз бөліктерін ауызға
салмаңыздар. Бұл бұйымды физикалық, сезімталдық
немесе ақыл-есінде кемістігі бар (балаларды қоса
алғанда), тәжірибесіз тұлғалар немесе тәжірибесіз
тұлғалардың бұйымды олардың қауіпсіздіктері үшін
немесе бұйымды пайдалануды үйретуге жауапты тұлғаның
бақылауысыз пайдалануына рұқсат берілмейді.
• Балаларға бұйыммен ойнауға рұқсат бермеңіздер. Оларға
жәшіктерге отыруға және есіктерге сүйкеніп тұруға рұқсат
бермеңіздер.
Қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау
• Тоңазытқышты салқын жақсы желдетілетін жайға сақтаңыз,
тіке күн сәулелерінің түсуінен сақтаңыздар, сонымен
қатар бұйымды жылу шығаратын заттың жанына
орналастырмаңыз.
• Азық-түліктерді қажет болған жағдайда ғана алуға, салуға
тырысыңыздар.
• Ыстық тағамдарды қоймаңыздар, өйткені ол камераның
ішіндегі температураның артуына әкеледі, ол
компрессордың
артық жұмыс істеуін талап етеді, оған электр энергиясы да
көп жұмсалады.
• Бұйымды мұз пайда бола салысымен үнемі ерітіп
отырыңыздар («Техникалық қызмет көрсету» бөлімін қара);
мұздың қалың қабаты азық-түлікке суықтың берілуін
қиындатады, сонымен қатар электр энергиясының
тұтынылуын арттырады.
Ақауларды жою
Егер тоңазытқышыңыз жұмыс істемей қалса, қолдау
қызметіне («Қолдау» бөлімін қара) қоңырау шалмас бұрын
төмендегілерді тексеріп алыңыз:
Ішкі жарық жанбаған жағдайда.
• Вилка электр розеткасына қосылмаған немесе толық
байланыс жоқ, болмаса үйде электр энергиясы жоқ.
• МҰЗДАТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тұтқасы ӨШІРУЛІ күйінде
Тоңазытқыш немесе мұздатқыш суытпайды.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе нығыздағыштары
зақымдалған.
• Есіктер жиі ашылады.
• Аса жоғары температура тапсырылған («Қосу» бөлімін
қара).
• Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлімдері толып тұр.
• Тоңазытқыш айналасындағы температура 14°C төмен.
Тоңазытқыштағы тағам суымайды.
• ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ түймесі дұрыс орнатылмаған.
• Тағам тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасына тиіп
тұрады.
Мотор үнемі қосылып тұрады.
• Есік дұрыс жабылмаған немесе үнемі ашылып тұрады.
• Қоршаған орта температурасы өте жоғары.
• Мұздың қалыңдығы 2-3 мм артық («Техникалық қызмет
көрсету» бөлімін қара)
Тоңазытқыш қатты шулайды.
• Тоңазытқыш тегіс беткейде орналастырылмаған («Орнату»
бөлімін қара).
• Тоңазытқыш вибрация беретін және шу жасайтын
шкафтардың ортасына қойылған.
54
• ВІшкі хладагент өшірулі компрессордың өзінде аздап
шуылдап тұрады. Бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың кейбір сыртқы бөліктері суық.
• Температураның осылай көтерілуі тоңазытқыштың кейбір
бөліктеріне конденсат жиналып қалмауы үшін қажет.
Тоңазытқыштың ішкі артқы қабырғасы мұзбен немесе
су тамшыларымен көмкерілген
• Бұл тоңазытқыштың қалыпты жұмысын білдіреді.
Тасымалдау және сақтау ережелері
Орауыштағы тоңазытқыш табиғи желдету бар жабық
бөлмелерде 80 %-дан аспайтын салыстырмалы
ылғалдылықта сақталуы керек. Тоңазытқыш ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмайтын болса, онда оны электр желісінен өшіру,
барлық өнімдерді шығару, еріту, камераларды тазалау керек.
Тазалаудан кейін камераларда иіс пайда болмауы үшін
есіктерді азғантай ашық күйде қалдыру керек.
Тоңазытқышты жұмыс күйінде (тігінен), жабық көліктің
кез келген түрімен, дірілді болдырмау үшін қатты бекітіп
тасымалдау керек.
Тоңазытқышқа соққы жүктемелерін түсіруге ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
! Абайлаңыз: тұтану қаупі бар.
Ескерту:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - Құрылғының және ол кірістірілетін
жердің желдету саңылауларын кірден таза ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - Еріту процесін тездету үшін өндіруші
ұсынбаған механикалық құрылғыларды немесе басқа
жасанды құралдарды қолдануға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - Хладагенттің айналым жүйесін
зақымдап алмаңыз.

Publicité

loading