Télécharger Imprimer la page

Elica PRF0180599 Prescriptions De Montage Et Mode D'emploi page 63

Masquer les pouces Voir aussi pour PRF0180599:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
құрылғылармен бір уақытта қолданылса, бөлме жеткілікті түрде желдетілуі керек. •Өнімнің ішін де, сыртын да жиі
тазалап отыру керек (КЕМІНДЕ БІР АЙДА БІР РЕТ); әрқашан пайдалану нұсқаулығында берілген нұсқауларды
орындаңыз. •Өнімді тазарту және сүзгілерді ауыстыру / тазалау жөніндегі нұсқаулықтың орындалмауы өрт қаупіне
әкелуі мүмкін.• •Бұл өнімді жалынды отпен тамақ пісіргенде пайдалануға қатаң тыйым салынады.• ЕСКЕРТУ: •Өнім
қосулы болған кезде оның қолжетімді бөліктері қызып кетуі мүмкін.• •Орнату жұмыстары толық аяқталғанша,
құрылғыны электр желісіне қоспаңыз.• •Жергілікті билік органдары бекіткен, түтін шығаруға байланысты қауіпсіздік
техникасы және қауіпсіздік шаралары бойынша ережелер қатаң сақталуы керек.• •Шығарылған ауа газ жағатын
құрылғылар не басқа да жағу құрылғылары тудыратын түтінді жою үшін пайдаланылатын құбырлар арқылы жіберілуі
керек.• •Өнімді дұрыс орнатылмаған шамдармен пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз, себебі бұл тоқ соғу қаупіне
әкелуі мүмкін.• •Торды дұрыс орнатпайынша, бұл өнімді ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. •Егер басқалай айқын түрде
рұқсат етілмесе, өнімді тіреуші бет ретінде ЕШҚАШАН пайдалануға болмайды.
ОРНАТУ ҚАУІПСІЗДІГІ
•Өнімді орнату үшін онымен бірге берілетін бекіткіш бұрандаларды тек тиісті бетке ғана пайдаланыңыз; болмаса,
дұрыс бұранда түрлерін сатып алыңыз. •Өнімнің ішіндегі (тасымалдау мақсатында салынған) керек-жарақтардың
(мысалы, бұрандалар салынған қалташықтар, кепілдік куәліктері және т.б.) бар-жоғына көз жеткізіңіз. Егер ондай
нәрселер болса, оларды алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз. • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар мен ысырмаларды ос нұсқауларға
сай орнатпасаңыз, электр тогы қаупі орын алуы мүмкін. •Шығару құбыры бірге берілмейді және ол бөлек сатып
алынуы керек. •Сорғыш құбырдың диаметрі жалғағыш сақинаның диаметріне сай келуі керек. •Өнімді плита үстіне
орнатқан кезде, сызбаларда көрсетілген биіктікті сақтаңыз •Плитадағы ыдыстың беті мен түтінсорғының төменгі
бөлігі арасындағы минималды арақашықтық электр плиталары үшін кемінде 50 cm, ал газ немесе аралас пештер үшін
57 cm болуы керек. •Егер газ плитасын орнату нұсқаулығында бұдан үлкенірек арақашықтықтар көрсетілген болса,
оларды сақтаңыз.
ЭЛЕКТРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ
•Қуат көзіндегі кернеудің сипаттамалары өнімнің ішінде орналасқан деректер жапсырмасындағы кернеу
сипаттамаларына сәйкес келуі керек. •Егер өнім қуат сымы ашасымен жабдықталған болса, оны қолданыстағы
стандарттарға сәйкес келетін және орнатқаннан кейін де қол жетімді болатын розеткаға қосыңыз. •Егер өнімнің қуат
ашасы болмаса (электр желісіне тікелей қосылатын болса) немесе қуат ашасы қол жетпейтін жердегі розеткаға
жалғанатын болса, тіпті орнатқаннан кейін де, стандартты екі полюсті ажыратып-қосқышты орнату ережелеріне сәйкес
сай қосымша орнату арқылы III санаттағы артық кернеу болған жағдайларда құрылғыны желіден толық ажырату
мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз. • Ескерту! Қуат кабелін ауыстыруды уәкілетті техникалық қолдау қызметі немесе
біліктілігі оған сай адам жүзеге асыруы керек.
Диодшам температурасын реттеу
Өнімді орнатқаннан кейін, май сүзгісі мен сору панелін периметрдің айналасына орнатпас бұрын, диодшам
температурасын жылы-жарық күйден суық-жарық күйге дейін бөлмедегі жарық деңгейіне сәйкестендіріп реттеуге
болады.
Қолжетімді температуралар:
W = 3000K жылы
N = 3500K орташа жылы
C = 4000K салқын.
ПАЙДАЛАНУ
Ескеріңіз! Бұл түтін сорғыш автоматты жұмыс жүйесімен жабдықталған ("VOC сенсорын калибрлеу" тарауын
қараңыз).
Түтін тартқыш электр желісіне қосылған сайын реттеліп отырады (мысалы: ол алғашында электр тогы ажыраған
соң орнатылады). Оны қолмен де орындауға болады ("VOC сенсорын калибрлеу - қолмен" тарауын қараңыз).
5 минутқа созылатын реттеу кезінде басқару элементтері жыпылықтайды және тек шам түймесін ғана пайдалану
мүмкін болады.
L1
L2
T1
T2
T1= ШАМДАРДЫ ЖАҒУ/ӨШІРУ.
T2= Моторды ӨШІРУ немесе Жылдамдықты азайту (мысалы: 4-тен 1-ге).
L5
L3
L4
T3
T5
T4
63

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Boxin advance