170 | Қазақ
Тербеліс және шуыл мәндері мен электр құралдың
қолданып жатқан уақытында болған мәндері арасында
ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану
түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өңделетін
өнімдердің түріне байланысты болады; керек болғанда,
құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал
пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін
бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды
белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың
жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым,
мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары
және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз
тұрған уақыттары).
Аккумуляторлар
Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын
аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың
жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын
қаптауыштан біліп алуға болады.
Аккумуляторды қуаттандыру
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Назарыңызда болсын: Халықаралық транспорттық
ережелеріне сай, литий-иондық-аккумуляторлар
жартылай қуаттандырылған қалыпта жеткізіледі.
Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін,
оларды алғаш рет пайдалану алдынан алдымен толық
қуаттандырып алыңыз.
Аккумуляторды енгізу
Құрал 2 аккумулятормен жұмыс істеуге арналған,
u
аккумуляторлардың біреуі қуатсызданып қалған
жағдайда құрал жұмыс істемейді. Әрқашан тек
қана қуаттандырылу деңгей бірдей болған
аккумуляторларды пайдаланыңыз және ешқашан
қуаттандырылу деңгейі түрлі болған, яғни біреу
толы және екіншісі жартылай қуаттандырылған
аккумуляторларды пайдаланбаңыз, себебі жұмыс
уақыты әрқашан қуаттандырылу деңгейі төменірек
болған аккумулятор арқылы белгіленеді.
Назарыңызда болсын: Лайықты болмаған
аккумуляторларды қолдану құралдың дұрыс істемеуіне
немесе зақымдануына апара алады.
Қуаттандырылған аккумулятоларрды енгізіңіз.
Аккумуляторлардың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Қуаттандырылған аккумуляторларды аккумуляторлар
ұстағышына толығымен, "сырт" еткен дыбысы естілгенше
дейін, енгізіңіз.
Аккумуляторды шығарып алу
Аккумуляторларды бұғаттан шығару түймешігін
байқаусыздан басып қалғанда аккумуляторлардың
орнынан шығып кетуін болдырмау үшін, аккумуляторлар
F 016 L94 629 | (23.10.2023)
2-сатылық бұғаттау жүйесімен жабдықталған.
Аккумуляторлар электр құралында орнатылған болса,
олар серіппе арқылы орындарында ұсталып тұрады.
Аккумуляторларды құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторларды бұғаттан шығару түймешігін басып,
аккумуляторларды шығарып алыңыз. Осы әрекет
барысында күш салмай әрекеттеніңіз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр
құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны
аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Құрастырып орнатылуы мен
қолданылуы
Әрекет мақсаты
A)
Жеткізу көлемі
Ұстағыш доғасын жайып ашып,
орнатыңыз
Жұмыс биіктігін орнату
Шөп жинау себетін енгізіңіз/
шығарыңыз
Қуаты
60–100%
30–60%
5–30%
0–5%
Қуаты
80–100%
60–80%
40–60%
20–40%
5–20%
0–5%
Сурет
Бет
A
266
267−
B−D
268
E
268
Bosch Power Tools