Télécharger Imprimer la page

Kärcher K 3 Horizontal Mode D'emploi page 117

Masquer les pouces Voir aussi pour K 3 Horizontal:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 13
Аяздан қорғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан
зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен
құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық əсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
● Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
● Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған.
1. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
2. Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып
біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
3. Құрылғыны өшіріңіз.
4. Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық
жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
ҚАУІП
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс
кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап
етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты
жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы
електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің
зақымдалуы
Лас судың əсерінен құрылғының зақымдалуы
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас
бұрын зақымдарға тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған
жалғағышта тазартыңыз.
1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны
алып тастаңыз.
2. Електі шығарыңыз.
3. Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Сурет K
4. Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа
салыңыз.
Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау
Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға
арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
1. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен
сүзгіні алып тастаңыз.
2. Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз.
Сурет L
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды
пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай
қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы
жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат
етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
ҚАУІП
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс
кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек
көзінің кернеуімен сəйкес келе ме, жоқ па,
тексеріңіз.
3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Қысымның күшті айырмасы
1. Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
a Саптаманың саңылауынан.
b Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып
алыңыз.
2. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
1. Құрылғының шағын саңылаулылығын оның
конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті
саңылаулылық кезінде авторландырылған
сервистік қызметке жүгініңіз.
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайымыз артқы бетте)
Техникалық мағлұматтар
Электр желісіне қосу
Кернеу
Фаза
Жиілік
Тұтынылатын тоқ
Қорғаныс класы
Қорғау класы
Желіні шамадан тыс жүктелуден
қорғау (инерциялық)
Суды қосу
Енгізу қысымы (макс.)
Енгізу температурасы (макс.)
Енгізу саны (мин.)
Қазақша
Кепілдік
V
220-240
~
1
Hz
50-60
A
6
IPX5
II
A
10
MPa
1,2
°C
40
l/min
7
117

Publicité

loading