Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық
тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған
күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын
пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық
зарядтаңыз.
Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне
тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Электр құралындағы аккумулятор заряды
деңгейінің индикаторы
Электр құралындағы аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы электр құралының қосулы күйінде бірнеше
секунд ішінде аккумулятор зарядының деңгейін немесе
артық жүктемені көрсетеді.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 × жасыл
Үздіксіз жарық 2 × жасыл
Үздіксіз жарық 1 × жасыл
Баяу жыпылықтау 1 × жасыл
Аккумулятор температурасы жұмыс температурасының
диапазонынан тыс болса және/немесе артық жүктемеден
қорғаныс іске қосылса, электр құралындағы аккумулятор
заряды деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам
жыпылықтайды.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Bosch Power Tools
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен (A1–A4 суреттерін
Заряд деңгейі
қараңыз)
≈ 75–100%
Шаң қорабын (5) үрлегіш штуцерге (10) жылжытыңыз.
≈ 40–75%
Шаң қорабының жайы (5) мөлдір контейнер арқылы оңай
бақыланады.
≈ 15–40%
Шаң қорабын (5) босату үшін жай бұрап артқа тартыңыз.
≈ 0–15%
Сүзгі элементін (11) шаң қорабынан (5) бұрап алыңыз.
Шаң қорабын босатыңыз.
Сүзгі элементін (11) жай қатты тақтаға соққылап, шаңды
алып қойыңыз. Сүзгі элементінің (11) тілімшелерін
жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
Нұсқау: Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін шаң
қорабын (5) уақытында босатып, сүзгі элементін (11)
жүйелік түрде тазалаңыз.
Тік аймақтарда жұмыс істегенде электр құралының шаң
қорабын (5) төменге көрінетін етіп ұстаңыз.
Сыртқы сорғыш (B суретін қараңыз)
Сору адаптерін (13) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге (12)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін (13) электр құралындағы үрлеп шығару
келте құбырымен (10) және сорғыш шлангіні (12)
шаңсорғышпен (керек-жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Ажарлау дискісін алмастыру
(C суретін қараңыз)
Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тілігін (7) лас
пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Қазақ | 119
1 609 92A 8H2 | (13.06.2023)