Télécharger Imprimer la page

Indesit I6VMH2A/NL Manuel D'instructions page 57

Masquer les pouces Voir aussi pour I6VMH2A/NL:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
Төменгі пеш камерасы
Пештің астында пештің керек-жарақтары мен терең
ыдыстарды сақтау үшін қолдануға болатын бөлім
бар.
! Пеш астындағы бөлімге жанғыш заттарды
қоймаңыз.
! Бөліктің (бар болса) ішкі беттері қызып кетуі мүмкін.
Тағам дайындау бойынша кеңес
! Желдеткіш көмегімен тағам дайындау барысында
сөрелерді бірінші және бесінші позицияларға
орналастырмаңыз. Шамадан тыс жылу
температураға сезімтал тағамдарды күйдіріп жіберуі
мүмкін.
КӨП ТАҒАМ ДАЙЫНДАУ
• Молырақ жылуды талап ететін тағамды екінші
позициядағы сөреге салып, екінші және төртінші
позицияларды қолданыңыз.
• Май жинайтын табаны астыңғы жаққа, ал тартпаны
үстіңгі жаққа орнатыңыз.
ГРИЛЬ
• ГРИЛЬ және ҚОС ГРИЛЬ пісіру режимдерін
қолданған кезде тартпаны 5-позицияға қойыңыз, ал
тағам пісіру қалдықтарын жинау (май және/немесе
тоң май) үшін май жинайтын табаны 1-позицияға
орналастырыңыз. ГРАТИН режимін қолданған кезде
тартпаны 2- немесе 3-позицияға орналастырыңыз,
ал тағам пісіру қалдықтарын жинау үшін май
жинайтын табаны 1-позицияға қойыңыз.
• Қуат деңгейін ең жоғарғы мәнге орнату ұсынылады.
Үстіңгі қыздыру элементі термостат арқылы реттеледі
және тұрақты күйде жұмыс істемеуі мүмкін.
ПИЦЦА ПЕШІ РЕЖИМІ
• Жеңіл алюминийден жасалған пицца табасын
пайдаланыңыз. Оны қамтамасыз етілген тартпаға
орналастырыңыз.
Сыртын қытырлақ етіп пісіру үшін тұтқалы табаны
пайдаланбаңыз, себебі ол пісіру мерзімін ұзарту
арқылы қытырлақ болуына кедергі жасайды.
• Пиццаның беті көп құрамды болғанда пісіру
үрдісінің ортасында пиццаның үстіне моцарелла
ірімшігін қосу ұсынылады.
KZ
57

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

I6vmh2a1/nl