102 | Қазақ
Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын
u
жағдайда ішінен батареяларды шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақталған батареяларды тот басуы және
олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану (B суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде келтірілген
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана осы зарядтағыш құрылғылар тексеру
камераңызда қолданылатын литий-иондық
аккумуляторлармен үйлеседі.
Нұсқау: Тексеру камераңызға арналмаған
аккумуляторларды пайдалану тексеру камерасының
ақаулығына немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін, оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Зарядталған аккумуляторды (17) енгізу үшін оны, ол
сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен
жанасқанша, науаға (28) кіргізіңіз.
Аккумуляторды (17) шығару үшін босату
түймелерін (18) басып, аккумуляторды науадан (28)
тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор/батареялар зарядының деңгейі
Аккумулятордың/батареялардың заряд деңгейі төмен
болса, дисплейде алдымен
жанбаса, акумуляторды/батареяларды алмастыру
немесе аккумуляторды зарядтау қажет, тексерістерді
орындау мүмкін емес.
Камера кабелін монтаждау
(C суретін қараңыз)
Тексеру камерасын пайдалану үшін камера кабелін (13)
қол құрылғысына (1) монтаждау керек.
Камера кабелінің (13) ашасын камера жалғағышына (21)
тірелгенше енгізіңіз.
Камера кабелін бөлшектеу
(D суретін қараңыз)
Камера кабелін (13) шығару үшін бекіткішті (22) қысып,
ашаны қол құрылғысынан (1) тартып шығарыңыз.
Айна, магнит немесе ілгекті орнату
(E суретін қараңыз)
Айнаны (25), магнитті (23) және ілгекті (24) көмекші
құрал ретінде камера бастиегіне (14) монтаждауға
болады.
3 көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей,
камера бастиегіндегі (14) ойыққа тірелгенше енгізіңіз.
1 609 92A 63E | (10.11.2020)
Нұсқау: магнит (23) және ілгек (24) тек бос тұрған, кіші
және жеңіл заттарды жылжыту немесе алып тастау үшін
жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда, тексеру
камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.
Пайдалану
u
u
u
u
Қолданысқа енгізу
Micro-SD картасын енгізу
Жоғарғы қаптаманы (10) ашып, Micro-SD картасын (20)
ұяшыққа (11) тірелгенше салыңыз. Жоғарғы қаптаманы
белгісі жанады. Белгі
қайта жабыңыз.
Қосу/өшіру
Тексеру камерасын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (3)
басыңыз. Дисплейде (9) басты бет экраны қысқа уақытқа
көрсетіледі.
Нұсқау: егер құрылғыны қосқан кезде камера кабелі
монтаждалмаған болмаса, дисплейде қате туралы хабар
көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3)
қайтадан басыңыз.
Тексеру камерасында ешбір түйме басылмаса, ол
белгіленген уақыт (k) өткеннен кейін автоматты түрде
өшеді.
Камера бастиегіндегі шамды реттеу
Камера көрсетілімін жарықтандыру үшін шам
бастиегіндегі шамды (15) қосуға және жарықтықты
реттеуге болады.
Жарықтық 4 деңгей бойынша реттеледі (0 %, 25 %, 50 %,
100 %).
Камера шамын (15) қосып, жарықтықты күшейту үшін
жарықтандыру/жарықтық түймесін (7), қажетті
жарықтыққа қол жеткізгенше, басыңыз.
Қол құрылғысын (1) және аккумуляторды (17)
ылғал мен тікелей күн сәулесінен қорғаңыз.
Тиісінше монтаждалған камера кабелі мен камера
бастиегі су өткізбейді. Алайда қол құрылғысы мен
аккумулятор судан қорғалмаған, оларға су тисе, ток
соғу немесе зақым келтіру қаупі туындайды.
Камера бастиегіндегі (14) объектив буланған
жағдайда, тексеру камерасын қолданбаңыз.
Тексеру камерасын ылғал буға айналып кеткеннен
кейін ғана қосыңыз. Кері жағдайда тексеру камерасы
зақымдалуы мүмкін.
Қосылған шам (15) жұмыс барысында қызып кетуі
мүмкін. Күйіп қалмау үшін шамға тимеңіз.
Тексеру камерасына айрықша температура немесе
шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс.
Оны, мысалы, автомобильде ұзақ уақытқа
қалдырмаңыз. Үлкен температура өзгерістерінің
жағдайында алдымен тексеру камерасын пайдаланбас
бұрын оның температурасын қалпына келтіріңіз.
Bosch Power Tools