100 | Қазақ
денсаулыққа басқа жолмен зиян келтіретін қатты,
сұйық немесе газды заттектер бар болуы мүмкін.
Денсаулыққа зиянды заттектер орналасқан
u
аймақтарда жұмыс істегенде тазалыққа айрықша
назар аударыңыз. Жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз.
Денсаулыққа зиянды заттектерге тимеңіз және жұмыс
істегеннен кейін қолыңызды және заттектермен
жанасуы мүмкін басқа дене мүшелерін ыстық сілті
ерітіндісімен тазалаңыз. Осылайша денсаулыққа зиян
келтіру қаупі азаяды.
Тексеру камерасын пайдаланған кезде суда
u
тұрмаңыз. Суда жұмыс істегенде, ток соғу қаупі
туындайды.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс
u
пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы
мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып
қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және
шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе
u
зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық
ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
u
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан,
тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз.
Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа
тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
u
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ,
мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан,
кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
туындайды.
Магниттік керек-жарақтарды
имплантаттардың және
кардиостимулятор немесе инсулин
сорғысы сияқты басқа да медициналық
1 609 92A 63E | (10.11.2020)
құрылғылардың жанына қоймаңыз.
Керек-жарақтардың магниттері
имплантаттардың немесе медициналық
құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс
тудырады.
Магнитті аксессуарды магнитті дерек
u
тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал
аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар
магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын
деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Сандық тексеру камерасы қол жеткізу қиын болатын
немесе қараңғы аймақтарды тексеруге арналған. Оны,
жеткізілім жиынтығындағы көмекші құралдарды камера
бастиегіне монтаждағаннан кейін, кіші және жеңіл
заттарды (мысалы, кіші бұрандаларды) жылжыту және
алып тастау үшін пайдалануға да болады.
Сандық тексеру камерасын медициналық мақсаттарда
пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар ол
бітелген құбырларды тазалау немесе кабельдерді тарту
үшін жарамайды.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық
беттердегі тексеру камерасының сипаттамасына
негізделген.
(1) Қол құрылғысы
(2) Үлкейту түймесі
(3) Қосу/өшіру түймесі
(4) Галерея/реттеулер түймесі (1-деңгей)
OK/жою түймесі (2-деңгей)
(5) Up is Up™ түймесі (1-деңгей)
Алға парақтап өту түймесі (2-деңгей)
(6) Суретке немесе бейнеге түсіруге немесе бейне
ойнатуға арналған іске қосқыш (галерея режимі)
(7) Жарықтандыру/жарықтық түймесі (1-деңгей)
Артқа парақтап өту түймесі (2-деңгей)
(8) Фото және видео режимдерінің арасында
ауыстырып қосу түймесі (1-деңгей)
Артқа қайту түймесі (2-деңгей)
(9) Дисплей
(10) Жоғарғы қаптама
(11) Micro-SD картасының ұяшығы
(12) Micro-USB кабелінің жалғағышы
(13) Камера кабелі
(14) Камера бастиегі
(15) Камера бастиегіндегі шам
(16) Камера объективі
Bosch Power Tools