Пайдалану Нұсқаулары; Техникалық Күтім Және Қызмет; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch GOS 10,8 V-LI Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GOS 10,8 V-LI Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 14
OBJ_BUCH-1311-004.book Page 82 Thursday, September 12, 2013 1:56 PM
82 | Қaзақша
Пайдалану
 Қол аспабы 1 мен аккумуляторды 10 ылғалдық пен
тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. Камера кабелі,
камера басы мен ұзартқыш дұрыс орындалғанда 10 м
тереңдікке шейін су өтпейтін болады. Бірақ қол аспабы
мен аккумулятор судан қорғалмаған, су тигенде тоқ
соғу немесе зақымдану қаупі пайда болады.
 Тексеру камерасына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температура тербелулері жағдайында алдымен тексеру
камерасын температурасын дұрыстап соң
пайдаланыңыз.
 Камера басындағы 7 линза буланған болса тексеру
камерасын пайдаланбаңыз. Ылғалдық буға
айналып кеткеннен соң ғана тексеру камерасын
қосыңыз. Әйтпесе тексеру камерасы зақымдануы
мүмкін.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
 Тек тексеру камерасының зауыттық
тақтайшасында көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа
Bosch Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттану және
өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертпе: Тексеру камераңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
тексеру камерасының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 10 разъемға бекітілгенін
және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру
Тексеру камерасын қосу үшін қосу-өшіру түймесін 3
басыңыз. Дисплейде 5 камера басынмен 7 алынған
суреттер көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу-өшіру түймесін 3
қайта басыңыз.
Егер тексеру камерасында шам. 20 мин ешқандай түйме
басылмаса, ол аккумулятор зарядын сақтау үшін
автоматты ретте өшеді.
Камера басындағы шырақты реттеу
Дисплейде 5 камера бейнесін жарықтандыру үшін камера
басындағы шырақты 9 қосып жарықтығын ретту мүмкін.
Камера шырағын 9 қосып жарықтығын жоғарылату үшін
„+" түймесін 2 керекті жарықтық жетілгенше басыңыз.
 Шыраққа 9 тікелей қарамаңыз және шырақты
басқа адамдарға қаратпаңыз. Шырақ жарығы көзді
шағылыстыру мүмкін.
Камера шырағының 9 жарықтығын төмендету және өшіру
үшін „–" түймесін 4 керекті жарықтық жетілгенше немесе
шырақ өшкенше басыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Тексерілетін қоршауды қарап шығып кедергілерге немесе
қауіпті жерлерге назар аударыңыз.
1 609 92A 0B4 | (12.9.13)
Камера кабелін 6 камера басы тексерілетін аймаққа
салынатып етіп бүктеңіз. кКамера кабелін абайлап
салыңыз.
Камера шырағының 9 жарықтығын бейне дұрыс
айқындалатын етіп реттеңіз. Мысалы, қатты қайтаратын
заттарды тексергенде төменірек жарықтықпен дұрысырақ
бейне болады.
Егер тексеріліп жатқан заттар айқындығы дұрыс болмаса
камера басы 7 мен заттың аралығын ұзартыңыз немесе
қысқартыңыз.
Керек болса камера кабелін 6 камера бейнесі тікелей
дисплейде 5 көрсетілетін етіп бүктеңіз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек 0 °C–50 °C температура ауқымында
сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Қол аспабын 1 суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Тексеру камерасын әрдайымн таза ұстаңыз. Денсауылққа
зиянды заттарды қамтитын аймақтарда жұмыс істегеннен
соң тексеру камерасы мен барлық көмек құралдарын
әбден тазалаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Әсіресе, камера линзасын 8 жүйелі түрде тазалап
қылшықтарға назар аударыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде тексеру камерасының зауыттық
тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
www.geooptic.ru
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières