Electrolux ESL 6550RO Notice D'utilisation page 22

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles

Les langues disponibles

ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан
тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
суырыңыз.
1.3 Пайдалану
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде
аталған жерлерде қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және басқа
жұмыс орындарының қызметкерлерге
арналған ас бөлмелерінде
– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен басқа да
тұрғынды жерлерде
– Төсек және таңғы аспен қамтамасыз
ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу қауіпі бар.
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Өткір ұшты пышақтар мен ас
құралдарының ұштарын төмен қаратып
немесе көлденеңінен қойып ас
құралдарына арналған себетке салыңыз.
• Құрылғының есігі ашық тұрған кезде
соғылып қалмас үшін қараусыз
қалдырмаңыз.
• Ашық тұрған есікке отырмаңыз немесе
үстіне шықпаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш
заттар қауіпті. Жуғыш заттың орамында
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыдағы сумен ойнауға немесе ішуге
болмайды.
• Ыдыстарды бағдарлама аяқталғанша
құрылғыдан алмаңыз. Ыдыстарда жуғыш
зат болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Электр, өрт қатері пайда болуы
немесе адам күйіп қалуы мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және
буды қолданбаңыз.
• Бағдарлама орындалып тұрғанда құрылғы
есігін ашсаңыз, ыстық бу шығуы мүмкін.
1.4 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
ҚАЗАҚ
21

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières