Télécharger Imprimer la page

Hilti AIC 1000 Notice D'utilisation Originale page 198

Masquer les pouces Voir aussi pour AIC 1000:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
1. Өнімнің берік бекітілгенін және құлап түспейтінін тексеріңіз.
2. Қосу үшін өнім ауыстырып-қосқышын 2-күйге (толық қуат) қойыңыз.
3. Өнімді өшіру үшін оның ауыстырып-қосқышынOFF деңгейіне қойыңыз.
6.1
Шаңнан қорғайтын қабырғаға ендіру
Өнімді сорғыш шланг арқылы басқаруға болады немесе шаңнан қорғайтын адаптер қолданып, шаңнан
қорғайтын қабырғаның ішкі жағын тазалап, шаңнан қорғайтын қабырғаға тікелей орнатуға болады.
Өнімді сорғыш шлангімен пайдалану немесе оны шаңнан қорғайтын қабырғаға тікелей ендіру үшін
өнімнің екі жағындағы ысырмаларды жабу керек.
1. Ауа енгізу қақпағынан (1)шаңнан қорғайтын қабырға адаптерін алыңыз.
2. Өнімді шаңнан қорғайтын қабырғаға орнатыңыз.
3. Ауа енгізу қақпағын қабырғаға бекіту үшін шаңнан қорғайтын қабырға адаптерін пайдаланыңыз.
Ішкі сақина ауаның кіріс саңылауына енуі үшін, шаңнан қорғайтын қабырға адаптерін 180°-қа
бұрыңыз.
4. Қажет болса, шаңнан қорғайтын қабырғада ауа кірісінде саңылау жасаңыз.
5. Ысырманы жоғары қарай тартып, бүйірлік сүзгілерді жабыңыз.
6. Өнімді қосыңыз.
6.2
Алдын ала тазалау сүзгісін ауыстыру
1. Өнімді өшіріп, турбинаның тоқтағанын күтіңіз.
2. Алдын ала тазалау сүзгісінің қақпағын (1)ашыңыз.
3. Алдын ала тазалау сүзгісін шығарып, жаңасын орнатыңыз (2).
4. Шаң қалдығын жойыңыз.
5. Алдын ала тазалау сүзгісінің қақпағын жабыңыз (3).
6.3
Негізгі сүзгіні ауыстыру
1. Өнімді өшіріп, турбинаның тоқтағанын күтіңіз.
2. Екі созу бекіткішін ашып, корпус қақпағын жоғары қарай ашыңыз (1).
3. Корпустағы шаңның үлкен көлемін шаңсорғышпен тазалаңыз.
Шаң класына назар аударыңыз. Сол класс үшін үйлесі мді шаңсорғыш пайдаланыңыз.
4. Алдын ала тазалау сүзгілерін (2)алып тастаңыз.
5. Шаң қалдығын жойыңыз.
6. Бұрандалы қақпақтарды (3) ашып, негізгі сүзгіні (4)ауыстырыңыз.
7. Алдын ала тазалау сүзгісін(5) тазалаңыз.
8. Корпус қақпағын (6) орнатып, сүзгі қақпағын созу бекіткіштерімен (7)жабыңыз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Желілік аша енгізіліп тұрған кезде күтім және техникалық қызмет көрсету ауыр
жарақаттарға және өртке апарып соғуы мүмкін.
▶ Кез келген күтім және техникалық қызмет көрсету жұмысын орындамас бұрын желілік ашаны
әрдайым суырып алыңыз!
Аспапты күту
Қатты жабысқан кірді мұқият кетіріңіз.
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
194
Қазақ
2
3
4
2297300
*2297300*

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Aic 2000