Hilti BX 3-ME Mode D'emploi Original page 94

Masquer les pouces Voir aussi pour BX 3-ME:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.1.2 Бекіту аспабы бойынша қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Электр құралда шегенің бар екендігіне әрдайым сенімді болыңыз. Бекіту аспабын ұқыпсыз
басқару шегенің күтпеген шығып кетуіне және жарақаттарға апарып соғуы мүмкін.
▶ Өзіңіз бен басқаларды электр құралдың айналасынан алшақ ұстаңыз. Күтпеген босатылу
шегенің шығып кетуіне, ал нәтижесінде жарақат тигізуіне апарып соғуы мүмкін.
▶ Электр құрал өңделетін материалға берік бекітілмегенше оны іске қоспаңыз. Электр құрал
өңделетін материалға тимеген жағдайда, шеге бекіту орнынан тайқып кетуі мүмкін.
▶ Шеге электр құралда қысылған кезде электр құралды желіден не аккумулятордан
ажыратыңыз. Бекіту аспабы қосылған кезде, шығарылған жағдайда берік орнатылған шегелер
қате іске қосылуы мүмкін.
▶ Берік орнатылған шегелерді шығарған кезде мұқият болыңыз.
тырысқанша жүйе кернеу астында болып, шегелер қарқынды түрде шығып тұруы мүмкін.
BX 3-ME
▶ Электрлік сымдарды бекіту кезінде электрлік кернеудің өткізбегеніне көз жеткізіңіз. Бекіту
аспабын тек оқшауланған тұтқыш беттеріне бекітіңіз. Тек электрлік сымдарды орнатуға
арналған шегелерді пайдаланыңыз. Шеге электрлік сым оқшаулануын зақымдамағанына
көз жеткізіңіз. Оқшаулануы зақымдалған шеге ток соғу не өрт қаупін тудыруы мүмкін.
BX 3-IF
▶ Аталған бекіту аспабын электрлік сымдарды бекіту үшін қолданбаңыз. Аспап электрлік
сымдарды қондыруға арналмағандықтан, электрлік кабельдердің оқшаулануына зақым келтіріп,
нәтижесінде ток соғу мен өрт қауіптерін тудыруы мүмкін.
2.1.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар
Бекіту аспабымен қауіпсіз және мұқият жұмыс істеу
▶ Аспап конструкциясына өзгерістер енгізуге немесе оны модификациялауға болмайды.
▶ Аспапты дербес белгілеген жағдайда корпусқа зақым келтірмеңіз.
▶ Жұмыс үзілістері, тазалау, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының алдында, сонымен
қатар, сақтау және тасымалдау алдында аккумулятор мен бекіту элементтерін әрдайым
шығарып тұрыңыз.
▶ Қолданылмайтын аспаптарды сенімді жерде сақтаңыз. Қолданылмайтын аспаптар құрғақ,
жоғары орналасқан немесе жабық, балалар жетпейтін жерде сақталуы керек.
▶ Аспапты іске қосу сәтінде қолдарды созып емес, бүгіп ұстаңыз.
▶ Қауіпсіздік босату құралын тек аспап бет үстінде тіке қысылған жағдайда басыңыз және жиек
пен ось аралығын сақтаңыз (шегенің техникалық дерек парағын қараңыз).
▶ Әрқашан аспапты берік және негізге тік бұрышпен ұстаңыз. Бұл бекіту элементін шетке әкету
қаупін азайтады.
▶ Алдында қондырылған шегелердің немесе болттардың орнатылған күйін жақсарту үшін
ешқашан қондыруды орындамаңыз. Бекіту элементтері сынуы және қысылып қалуы мүмкін.
▶ Hilti компаниясы ұсыныс бермесе, бекіту элементтерін бар саңылауларға енгізбеңіз.
▶ Әрқашан пайдалану бойынша нұсқауларды орындаңыз.
▶ Аспапты шығыңқы жерінен ұстамаңыз.
▶ Қорапты тұтқыш ретінде пайдаланбаңыз.
▶ Аспапты соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
▶ Ешқашан аспапты құлатпаңыз.
▶ Қате босатылу шегенің шығып кетуіне, ал нәтижесінде жарақат тигізуіне апарып соғуы мүмкін.
Аспапты өзіңіздің немесе басқа адамның қолы не басқа дене мүшесіне қарсы қыспаңыз.
Ақаулық пайда болған жағдайда, аккумуляторды шығарыңыз, аспапты астыңғы бетке қарай
басыңыз және қауіпсіздік босату құралын іске қосыңыз.
88
Қазақ
Printed: 17.05.2018 | Doc-Nr: PUB / 5269955 / 000 / 02
Қысып қалуды шешуге

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Bx 3-if

Table des Matières