Hilti BX 3-ME Mode D'emploi Original page 91

Masquer les pouces Voir aussi pour BX 3-ME:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
1 Құжаттама бойынша деректер
1.1 Шартты белгілердің анықтамасы
1.1.1 Ескерту
Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер
белгімен бірге қолданылады:
ҚАУІП! Ауыр жарақаттарға әкелуі немес өмірге қауіп төндіруі мүмкін тікелей қауіпті жағдай-
дың жалпы белгіленуі.
ЕСКЕРТУ! Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал жағдай-
дың жалпы белгіленуі.
САҚ БОЛЫҢЫЗ! Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін
ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.
1.1.2 Таңбалар
Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады:
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет
Қауіп туралы жалпы ескерту
Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат
1.1.3 Өнімдегі белгілер
Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылады:
Жалпы нұсқама белгілері
Қорғауыш көзілдірікті киіңіз
Қорғауыш құлаққапты қолданыңыз
Қорғауыш касканы пайдаланыңыз
Пайдаланылған материалдарды өңдеуге жіберіңіз
Тұрақты ток
1.1.4 Суреттердегі таңбалар
Осы нұсқаулықтағы суреттер жақсырақ түсінік беру үшін қолжетімді және нақты жабдықтан өзгешеленуі
мүмкін.
Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді.
Суреттердегі нөмірлеу әрекеттердің реттілігін бейнелеп білдіреді және мәтіндегі әрекеттер
реттілігінің нөмірленуінен өзгешеленуі мүмкін.
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді. «Өнімге шолу» мақаласында шартты белгілердің нөмірлері
осы позиция нөмірлеріне сілтеме береді.
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.2 Бұл құжаттама туралы
▶ Іске қосу алдында міндетті түрде осы пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз
жұмыс пен ақаулықсыз қолдануға алғышарт болып табылады.
▶ Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
Printed: 17.05.2018 | Doc-Nr: PUB / 5269955 / 000 / 02
Қазақ
85

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Bx 3-if

Table des Matières