• Бөгде адамдар, балалар және үй жануарлары пайдалану аймағынан
15 м алшақ тұруы қажет. Жұмыс аймағына біреу кіріп келсе, өнімді
тоқтатыңыз.
• Өнімді қолдану барысында әрдайым берік аяқ киім мен ұзын шалбар
киіп жүріңіз. Аспапты жалаң аяқпен немесе ашық сандал киіп
қолданбаңыз. Бос киілетін немесе ұзын баулары бар киімді кимеңіз
немесе галстук тақпаңыз. Олар жылжымалы бөлшектерге ілініп қалуы
мүмкін.
• Кең киім кимеңіз немесе ауаның кіріс саңылауына тартылып кіріп кетуі
мүмкін әшекей тақпаңыз.
• Ұзын шашты қозғалатын бөлшектерге оралып қалуына жол бермеу
үшін, иық деңгейінен жоғары жинап қойыңыз.
• Өніммен жұмыс істегенде, әрдайым құлаққа арналған қорғаныш
құралын тағыңыз. Өнім өте қатты шу шығарады және шу әсерін шектеу,
шуды басу бойынша нұсқауларды орындамау және құлаққа арналған
қорғаныш құралын тақпау қайтымсыз есту қабілетін жоғалтуға әкелуі
мүмкін.
• Өніммен жұмыс істегенде, әрдайым толық қорғаныс көзілдірігін
тағып жүріңіз. Өндіруші бетті толық жабатын масканы немесе көзді
толық жабатын көзілдіріктерді тағуды қатаң түрде ұсынады. Әдеттегі
көзілдіріктер немесе күннен қорғайтын көзілдіріктер тиісті қорғаныс
болып табылмайды. Кез келген уақытта қатты ауа ағыны заттарды
жоғары жылдамдықпен ұшырып, олар операторға қатты беттен серпілуі
мүмкін.
• Әрбір пайдалану алдында басқару элементтері мен қауіпсіздік
құрылғыларының дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Өшіру
ауыстырып-қосқышты басқан кезде өнім тоқтамаса, құралды
пайдаланбаңыз.
• Әрбір пайдалану алдында корпуста зақымдалудың бар-жоғын
әрдайым тексеріңіз. Сақтандырғыштар мен тұтқалардың өз
орындарында тұрғанын және тиісті түрде бекітілгенін тексеріңіз.
• Қорғағыштары немесе қалқандары ақаулы немесе сақтандырғыш
құрылғылары, мысалы, қоқыс жинағышы жоқ өнімді ешқашан
пайдаланбаңыз.
• Барлық суытқыш ауаның кіріс саңылауларын қоқыстан тазартыңыз.
• Үрлеп тазаламас бұрын, қоқысты шығару үшін тырнауыштар мен
сыпырғыштарды пайдаланыңыз.
133
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN