7
Күту және техникалық қызмет көрсету
7.1
Бастапқы сүзгіні тексеру
1. Сүзгі қапшығын ұстағышты алыңыз.
2. Бастапқы сүзгінің ластанған не ластанбағандығын тексеріңіз.
3. Бастапқы сүзгі ластанған болса, оны таза сумен тазалаңыз.
Бастапқы сүзгіні тазалаудың балама жолы ретінде оны щеткамен тазалауға немесе ауада
сілкілеп тазалауға болады.
7.2
Толу деңгейін тексеру
АБАЙЛАҢЫЗ
Ықтимал материалдық зиян! Қате жолмен пайдалану нәтижесінде құрылғыға зақым келуі мүмкін.
▶ Толу деңгейін бақылау құралын жиі бақылап және тазалап тұрыңыз. Зақымдардың белгілері көрінген
жағдайда өнімді бірден өшіріңіз.
1. Сүзгі қапшығын ұстағышты алыңыз.
2. Қалтқының бітелген не бітелмегендігін тексеріңіз.
3. Қалтқы бітеліп қалса, оны тазалаңыз.
7.3
Құрылғыдағы бастиек төсемін тексеру
1. Құрылғыдағы бастиек төсемінің ластанған не ластанбағанын тексеріңіз.
2. Егер құрылғыдағы бастиек төсемі ластанған болса, оны шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
3. Құрылғыдағы бастиек төсемін майлаңыз.
8
Тасымалдау және сақтау
8.1
Құрылғыны тасымалдау қалтасына салу
1. Бауын үстіне қарай тартыңыз.
2. Құрылғы корпусын тұтқаларымен бірге баумен бекемдеп, салыңыз.
Бау құрылғы корпусының үстінен жүргізілуі тиіс.
Ең жоғары пайдалы жүктеме 25 кг құрайды.
3. Бауды бау ілгегіне іліп қойыңыз.
4. Құрылғының сырғып кетуін болдырмау үшін, оны баумен бекемдеп байлаңыз.
8.2
Сақтау
▶ Құрылғыны бөгде тұлғалар қолдану мүмкіндігін болдырмай, құрғақ бөлмеген қойыңыз.
9
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
9.1
Ақаулықтарды жою
Ақаулық
MAX қызметтік индикаторы
жанып тұр.
*2154326*
6
7
8
9
Ықтимал себеп
Қоқысқа немесе суға арналған
ыдыста судың мөлшері тым көп.
Қалтқы тұрып қалды.
2154326
Шешім
▶ Сумен жабдықтау режимін
қосып қойып, MAX
индикаторының өшкенін
күтіңіз.
▶ Толу деңгейін тексеріңіз.
→ Бет 121
Қазақ
121