▶ Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам және оның жанындағы тұлғалар тиісті қорғауыш
көзілдірікті, қорғауыш шлемді, қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды және жеңіл
респираторды киюі керек.
▶ Жұмыс орнындағы ауа алмасуды жақсарту үшін әрекет етіңіз және қажетінше тиісті шаңға
арналған респираторды тағыңыз.
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек.
▶ Аспаптың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз. Дөңгелек тежегіштері
ашық болса, аспап қозғалысы бақыланбауы мүмкін.
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған аспаптарды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру модулін
пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
2.4
Пайдалану бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
•
Қызмет көрсетуші мамандар аспаппен жұмыс істеу бойынша нұсқауларды алдын ала алуы керек,
сондай-ақ қоқыстар төндіретін қауіп және оларды қауіпсіз жою туралы хабардар етілуі керек.
•
Шаңсорғыштың соратын шлангісін адамдарға және жануарларға бағыттауға тыйым салынады.
•
Аспапты тұрақты түрде үздіксіз жұмыс режимінде автоматты немесе жартылай автоматты
қондырғыларда қолданбаңыз.
•
Аспап корпусын заттарды қоятын тұғыр ретінде пайдаланбаңыз.
•
Аспапты су астында пайдаланбаңыз.
2.5
Қоқыстар
▶ Денсаулыққа зиянды, тұтанғыш және/немесе жарылғыш шаңды (магний-алюминий шаңы және т.б.)
жұтуға тыйым салынады. 60°C-тан ыстық материалдарды сорғылауға болмайды (мысалы, бықситын
сигареттер, ыстық күл).
▶ Жанғыш, жарылғыш, агрессивті сұйықтықтарды сорғылауға тыйым салынады (салқындатқыш және
майлағыш заттар, бензин, еріткіштер, қышқылдар (pH < 5), сілтілер (pH > 12,5) және т.б.).
▶ Көбік немесе сұйықтықтар шыққанда аспапты дереу өшіріңіз.
▶ Ең көп температурасы 60 °C ыстық материалды жинағанда қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
▶ Минералды жыныстарды бұрғылаудан кейін қорғауыш киімді киіңіз және олардың теріге тиюін
болдырмаңыз (pH > 9, күйдіргіш зат)
▶ Сілтілік немесе қышқылдық сұйықтықтарға тимеңіз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Көзге
осындай сұйықтықтар тигенде судың көп мөлшерімен шайыңыз және дереу дәрігерден көмек
алыңыз.
▶ М шаң класына жататын аспап құрғақ, жанғыш емес шаңдар, ағаш жоңқасын және шығарылымның
шектік мәні 0,1 мг/м³-ден үлкен зиянды шаңдарды сорғылауға арналған. Белгілі бір шаң түрі
тудыратын қауіпке байланысты аспап сәйкес сүзгілермен жабдықталуы керек.
2.6
Аспапқа ұқыпты қарау және пайдалану
▶ Ешқашан аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
▶ Аспапты аяздан қорғау керек.
▶ Су деңгейінің шектегішін тұрақты түрде, нұсқауларға сай қылшақпен тазалаңыз және зақымдардың
бар-жоғын тексеріп отырыңыз.
▶ Шаңсорғыш бастиегін орнатқанда абай болыңыз: қолдардың қысылуын және желілік кабельдің
зақымдалуын болдырмаңыз. Жарақат алу және аспапқа зақым келтіру қаупі бар.
▶ Аспапта зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Аспапты әр пайдалану алдында қорғауыш аспаптардың
және оңай зақымдалатын бөлшектердің дұрыстығын және қызмет етуін мұқият тексеріңіз.
Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Олар сыналануларсыз, еркін қозғалуы
керек. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін
барлық шарттарға сай болуы керек.
▶ Аспапты жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп
тапсырыңыз. Осылайша аспаптың қауіпсіздігі сақталып тұрады.
▶ Аспапты қолданбаған кезде (жұмыс үзілістерінде), күтім және техникалық қызмет көрсету
алдында, қосалқы құралдарды алмастыру алдында немесе сүзгіні алмастыру алдында желілік
114
Қазақ
Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
2154326
*2154326*