2
Қауіпсіздік
2.1
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың бөлек тарауларында берілген қауіпсіздік нұсқауларына қоса,
төменде берілген нұсқауларды қатаң сақтау керек.
▶ Барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз! Бұл нұсқауларды елемеу электр тогының
соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспапты қолданған кезде электрлік құралмен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып
шығып, барлық нұсқауларды орындаңыз.
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Сәйкес аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс күйінде пайдаланыңыз.
▶ Аспаппен жұмыс істемес бұрын оған қызмет көрсету, материалдардан пайда болатын зияндар мен
сорғыланатын материалдарды кәдеге жарату бойынша мәліметтермен танысыңыз.
▶ Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар жерде қолданбаңыз.
▶ Аспапты тек осы ақпаратпен таныс, қауіпсіз қолдану бойынша нұсқау алған және ықтимал қауіптерді
түсінетін адамдар ғана пайдалануы тиіс. Аспап балаларға арналмаған.
▶ Қолданылмайтын аспаптарды сенімді жерде сақтаңыз. Қолданылмайтын аспаптар құрғақ, жоғары
орналасқан немесе жабық, балалар жетпейтін жерде сақталуы керек.
2.2
Электр қауіпсіздігі
▶ Аспаптың біріктіруші ашасы электр розеткасына сай болуы керек.
өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосылымы бар аспаптар үшін штекерлік адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Түпнұсқа ашаларды және оларға сай розеткаларды қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
▶ Ашаны барлық жергілікті жағдайларға сай берік орнатылған, қолайлы жерге қосылған розеткаға
қосыңыз. Егер розетканың сенімді бекітілгеніне күдіктенсеңіз, оны білікті электрші маман тексеруі
керек.
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға) және
тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр тогының
соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶ Құрылғыны жаңбырдан қорғаңыз. Электр құралға су кіруінің нәтижесінде электр тогының соғу қаупі
артады.
▶ Желілік кабельдің шалшықтармен өтпейтініне көз жеткізіңіз.
▶ Тұрақты түрде аспаптың электр қамту кабелін тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыруды Hilti
компаниясының сервис орталығында өткізу керек. Тұрақты түрде ұзартқыш кабельдерді тексеріңіз
және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
▶ Егер жұмыс кезінде желілік және/немесе ұзартқыш кабель зақымдалса, оған тиюге тыйым
салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз. Ақаулы желілік кабельдер және ұзартқыш
кабель электр тогының соғу қаупін тудырады.
▶ Тек пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген желілік кабель түрлерін қолдануға рұқсат етіледі.
▶ Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, аспапты тасымалдау, оны іліп қою немесе
розеткадан ашаны шығару үшін. Кабельді жоғары температуралардың, майдың, үшкір жиектердің
немесе аспаптың айналатын түйіндерінің әсерінен қорғаңыз.
шатасуының нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Егер электр құралмен жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат
етілген ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш
кабельді пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
▶ Ток үзілген жағдайда аспапты өшіріңіз және желілік штекерді ажыратыңыз.
▶ Аспап розеткасын тек көрсетілген қуат диапазонына жататын электр құралдары үшін пайдаланыңыз.
▶ Кір немесе ылғалды аспапты пайдалануға тыйым салынады. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде
жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы
мүмкін. Ток өткізгіш материалдарды өңдеу қажет болған кезде, кірленген аспапты жүйелі түрде Hilti
сервис орталығына тексертіңіз.
2.3
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және құралмен жұмыс істегенде ақылды
пайдаланыңыз. Аспапты шаршап тұрған күйде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсерінде
болсаңыз пайдаланбаңыз. Аспаппен жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақат алуға әкелуі
мүмкін.
*2154326*
2154326
Ашаның конструкциясын
Кабель зақымдалуының немесе
Қазақ
113