Télécharger Imprimer la page

Bosch GCL 25 Professional Notice Originale page 113

Masquer les pouces Voir aussi pour GCL 25 Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 17
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді
барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте
пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын
мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Көлденең нүктелі сәуленің дәлдігі максималды рұқсат
етілген ауқым ішінде болса, бұл тік нүктелі сәулелер мен
лазерлік сызықтардың дәлдігі тексерілгенін білдіреді.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Үзындық осьтің көлденең нивелирлеу дәлдігін
тексеру
Тексеру үшін 20 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанында
ұстағышқа (14) немесе штативке монтаждаңыз немесе
берік, тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын іске
қосып, нивелирлеу автоматикасымен 5 нүктелі жұмыс
режимін таңдаңыз.
A
20 m
– Өлшеу құралының ұзындық осіне параллель жатқан
лазер сәулесін жақын А қабырғасына бағыттаңыз.
Өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазерлік нүктенің
ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
A
180°
– Өлшеу құралын 180°-қа бұрап нивелирлеңіз және
қарама-қарсы В қабырғасында лазерлік сәуленің нүкте
ортасын (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
– Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында
қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
Bosch Power Tools
A
– Өлшеу құралының биіктігін лазерлік сәуленің нүкте
ортасы В қабырғасындағы алдында белгіленген Ⅱ
нүктеге түсетіндей етіп (штатив арқылы немесе астына
төсем қойып) туралаңыз.
A
d
B
– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны
нивелирлеп, A қабырғасындағы (Ⅲ нүкте) лазерлік
сәуленің нүкте ортасын белгілеңіз. Ⅲ нүктенің Ⅰ
нүктеден жоғары немесе төмен, барынша тік
орналасқанына көз жеткізіңіз.
– А қабырғасындағы белгіленген Ⅰ мен Ⅲ нүктелердің d
айырмашылығы өлшеу құралы дәл биіктігінің бойлық
ось бойынша ауытқуын көрсетеді.
2 × 20 м = 40 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген
максималды ауытқу:
40 м × ±0,3 мм/м = ±12 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелері
арасындағы d айырмашылығы ең көбі 12 мм құрауы тиіс.
Көлденең осьтің көлденең нивелирлеу дәлдігін
тексеру
Тексеру үшін берік бетте қабырғадан 20 м бос
B
арақашықтық қажет.
– Өлшеу құралын қабырғадан 20 м шамасындағы
арақашықтықта ұстағышқа (14) немесе штативке
монтаждаңыз немесе берік, тегіс бетке орнатыңыз.
Өлшеу құралын іске қосып, нивелирлеу
автоматикасымен 5 нүктелі жұмыс режимін таңдаңыз.
Қазақ | 113
B
B
180°
1 609 92A 7SD | (25.07.2022)

Publicité

loading