188 | Қазақ
Айналу моментінің реттеуін белгілеу (L суретін
қараңыз)
Электр құралын әрдайым белгілеу шеңберімен
пайдаланып, корпусын шаң мен ластанудан қорғаныспен
қамтамасыз етіңіз.
Мына түрлер үшін жарамды:
ANGLE EXACT ION 30-300 | 40-220 | 50-210 | 60-120
Осы өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш
үшін алдымен бұрыштық оймалы басты шығару керек,
(қараңыз „Бұрыштық оймалы басты жылжыту және алу (E
суретін қараңыз)", Бет 186). Енді айналу моментін
төмендегіде сипатталғандай белгілеуге болады.
Мына түрлер үшін жарамды:
ANGLE EXACT ION 8-1100 | 3-500 | 15-500
Жеке орнатылған айналу моменттерін белгілеу үшін
белгілеу шеңберін (17) басқа түсті белгілеу шеңберіне
алмастыруға болады.
– Белгілеу шеңберін (17) жұқа бұрауыш парағымен,
қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы (жасыл/
қызыл түсті жарық диоды)
Орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату
тіркесімі босатылады. Жарық диодты индикатор (7)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе,
жарық диодты индикатор (7) қызыл түспен жанып,
дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді бір рет
орындау керек.
Қайталанудан қорғаныс
Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса,
қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7 секундтық
үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты
бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
бермейсіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Электр құралын майлау
Майлағыш:
Беріліс қорабына арналған май (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
Моликот майы
SAE 10/SAE 20 мотор майы
– Алғашқы 150 жұмыс сағатынан кейін беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушісінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқауларын
1 609 92A 4R1 | (21.02.2019)
орындаңыз. Беріліс қорабын беріліс қорабына
арналған Bosch майымен майлаңыз. Алғаш рет
тазалаудан бастап тазалау процедурасын әр 300
жұмыс сағатынан кейін қайталаңыз.
– Ажырату тіркесімінің жылжымалы бөліктерін 100 000
бұрап бекіту әрекетінен кейін бірнеше тамшы SAE 10/
SAE 20 мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және
айналмалы бөліктерді моликот майымен майлаңыз.
Жағдай болғанда тіркесімнің тозған-тозбағанын
тексеріп, қайталанушылық пен дәлдікке әсер
етілмегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін тіркесімнің
айналу моментін қайта орнату қажет.
Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
u
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындауы тиіс. Осылайша электр құралының
қауіпсіздігі сақталады.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді түрде орындайды.
Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған
u
орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет.
Заңдық нұсқамаларды орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
Bosch Power Tools