Bosch GPB Professional 18V-2 C Notice Originale page 165

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
реттеуге болады. Дыбыс реттеулері әр аудио көзі үшін
бөлек сақталады.
<TIME>
Уақыт мәзірі: 12 сағаттық <12HR> және 24 сағаттық
<24HR> уақыт пішімдерінің арасында таңдауға және
уақытты қолмен реттеуге болады.
<MONO> (аудио көзі FM/FM2 болғанда)
Моно сигналды қабылдау мәзірі: моно сигналды
қабылдауды қосуға <ON> немесе өшіруге <OFF> болады.
Моно сигналды қабылдау, радио таратқыш сигналы әлсіз
болғанда стерео және моно сигналды қабылдау
режимдерінің арасында ауысқан жағдайда, ұсынылады.
<DSS> (аудио көзі Bluetooth® болғанда)
Dual Speaker Sound мәзірі: радио қабылдағышты оң жақ
динамик <DSSR> ретінде, сол жақ динамик <DSSL>
ретінде белгілеуге немесе функцияны өшіруге <OFF>
болады.
Мәзір опциялары (GPB 18V‑2 SC)
Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио
жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.
Мәзір ішінде мәзірдің атауы көп функциялы
индикатордың (k) жоғарғы жолағында, ал таңдауға
болатын реттеу – астыңғы жолағында көрсетіледі.
<Set EQ>
Дыбыс мәзірі: биіктік деңгейін <Treble> және тереңдік
деңгейін <Bass> −5 және +5 аралығындағы диапазонда
реттеуге болады. Дыбыс реттеулері әр аудио көзі үшін
бөлек сақталады.
<Set Time>
Уақыт мәзірі:
– 24 сағаттық <24 Hour Mode> және 12 сағаттық
<12 Hour Mode> уақыт пішімдерінің арасында
таңдауға болады.
– Уақытты <Set Hour> немесе <Set Minute> арқылы
қолмен реттеуге болады.
– Нұсқау: егер DAB/DAB2 аудио көзінде уақытты
тарататын радио қабылдағыш таңдалған болса, осы
уақыт автоматты түрде қабылданады. Қолмен
реттелетін уақыт параметрлері қайта жазылады.
<Reset All>
Бастапқы күйге қайтару мәзірі: барлық мәзір
реттеулерін әдепкі күйге қайтаруға <Yes> немесе
ағымдағы реттеулерге қайтаруға <No> болады.
<Auto Scan> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Таратқышты автоматты түрде іздеу мәзірі:
таратқышты автоматты түрде іздеу процесін іске қосуға
болады.
<Manual Tune> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Қолмен реттеу мәзірі: қажетті жиілікті қолмен реттеуге
болады.
<Display Type> (DAB/DAB2 аудио көзінде)
Индикация түрі мәзірі: көп функциялы индикатордың
(k) астыңғы жолағында көрсетілетін мәтінді таңдауға
болады:
– радио таратқыштан таратылатын ақпараттық мәтін
<Dynamic Label>,
Bosch Power Tools
– таратқыштың жиілігі <Frequency>,
– сигнал қуаты <Signal Strength>,
– радио таратқыштан таратылатын бағдарлама түрі
<Program Type>.
<Display Type> (FM/FM2 аудио көзінде)
Индикация түрі мәзірі: көп функциялы индикатордың
(k) астыңғы жолағында көрсетілетін мәтінді таңдауға
болады:
– радио таратқыштан таратылатын ақпараттық мәтін
<Radio Text>,
– таратқыш атауы <Program Service>,
– радио таратқыштан таратылатын бағдарлама түрі
<Program Type>.
<Set FM Mono> (FM/FM2 аудио көзінде)
Моно сигналды қабылдау мәзірі: моно сигналды
қабылдауды қосуға <On> немесе өшіруге <Off> болады.
Моно сигналды қабылдау, радио таратқыш сигналы әлсіз
болғанда стерео және моно сигналды қабылдау
режимдерінің арасында ауысқан жағдайда, ұсынылады.
<Set DSS> (аудио көзі Bluetooth® болғанда)
Dual Speaker Sound мәзірі: радио қабылдағышты оң жақ
динамик <Right Speaker> ретінде, сол жақ динамик
<Left Speaker> ретінде белгілеуге немесе функцияны
өшіруге <OFF> болады.
Сыртқы құрылғыларды электр қуатымен
жабдықтау
USB жалғағышы
USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB
арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы,
әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады.
Максималды зарядтау тогы 1,2 А құрайды.
Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын
ашыңыз. Сыртқы құрылғының USB жалғағышын жарамды
USB кабелі арқылы радио қабылдағыштың USB зарядтау
ұяшығына (23) жалғаңыз (USB charging).
Аккумулятормен жұмыс істеген кезде сыртқы құрылғыны
радио қабылдағыш қосылып тұрғанда ғана зарядтауға
болады.
Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15)
қорғаныш қалпағын, USB кабелінің ашасын шығарғанда,
қайтадан жауып қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Ілгектер
Ілгектердің (19) көмегімен радио қабылдағышты,
мысалы, сатыға іліп қоюға болады. Ол үшін ілгектерді
қажетті күйге бұраңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Қазақ | 165
1 609 92A 7E7 | (18.03.2022)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gpb professional 18v-2 sc

Table des Matières