орнының нөмірі пайда болады. Қажет болса, сақталған
барлық таратқыштарды қайта шақыру үшін бастапқы
көз түймесін (7) басу арқылы DAB және DAB2 аудио
көздерінің арасында ауысыңыз.
Нұсқау: радио сигнал әлсіз болғанда, <Weak Signal>
көрсеткіші көп функциялы индикаторда (k) пайда
болады. Бұл жағдайда DAB+ таратқышын іздеу әрекетін
қолмен іске қосуға болады.
Ол үшін мәзірде <Auto Scan> таңдаңыз немесе артқа
іздеу түймесін (10) және алға іздеу түймесін (9) бір
уақытта басыңыз. Таратқышты іздеу процесі аяқталған
соң, 4 таратқыш 1–4 бағдарлама сақтау орнында
сақталады. Алдында сақталған таратқыштар үстінен
жазылады.
Егер ешбір DAB+ радио таратқышы табылмаса, <No DAB
Station – Please Auto Scan> көрсеткіші көп функциялы
индикаторда (k) көрсетіледі.
UKW радио таратқышын реттеу/жадқа сақтау
UKW радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы
көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) FM
немесе FM2 көрсетілгенше, басыңыз.
GPB 18V‑2 C: ағымдағы уақытта ойнатылып жатқан
таратқыштың жиілігі радио жиілік индикаторында (d)
көрсетіледі.
GPB 18V‑2 SC: ағымдағы уақытта ойнатылып жатқан
таратқыштың жиілігі көп функциялы индикатордың (k)
жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы
индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша
ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.
Тиісті сигналдың қабылдау күші жеткілікті болғанда,
радио қабылдағыш автоматты түрде стерео сигналды
қабылдау режиміне ауысып, дисплейде стерео сигналды
қабылдау индикаторы (h) пайда болады. Мәзір
функциясында қабылдау режимін моно сигналды
қабылдау күйіне өзгертуге болады.
– Белгілі бір таратқышты реттеу үшін бастапқы көз
түймесін (7) (TUNE), қалаулы жиілік немесе қалаулы
таратқыш дисплейде көрсетілгенше, бұраңыз.
– Жоғарырақ сигнал қуатына ие келесі таратқышты
іздеу үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға іздеу
түймесін (9) қысқаша басыңыз. Табылған келесі
таратқыш дисплейде көрсетіледі және ойнатылады.
– Жоғарырақ сигнал қуатына ие барлық
таратқыштарды іздеу үшін артқа іздеу түймесін (10)
немесе алға іздеу түймесін (9) жарты секундтан ұзақ
басыңыз. Табылған әр таратқыш 5 секунд ойнатылып,
сонан соң іздеу процесі жиіліктер диапазонының
соңына дейін жалғасады. Таратқышты іздеу процесін
тоқтату үшін артқа іздеу түймесін (10) немесе алға
іздеу түймесін (9) қысқаша басыңыз.
– Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы
сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (5),
сақтау орнының индикаторындағы (c) сақтау орнының
нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
Егер 4 сақтау орны аудио көзіне FM тағайындалған
болса, бастапқы көз түймесін (7) басу арқылы келесі 4
Bosch Power Tools
сақтау орнында қолжетімді аудио көзіне FM2
ауысасыз. Қалаулы таратқышты ауыстырғаннан кейін
оны жадқа сақтай алу үшін қайтадан реттеу қажет
екендігін ескеріңіз.
– Ең қуатты таратқышты (AUTOSTORE) автоматты
түрде іздеу және жадқа сақтау үшін артқа іздеу
түймесін (10) және алға іздеу түймесін (9) бір уақытта
басыңыз. Радио қабылдағыш сигналын қабылдауға
болатын барлық таратқыштарды іздейді және ең
жақсы сигнал сапасына ие 4 таратқышты 1–4
бағдарламаны сақтау орнына сақтайды. Бұл ретте
алдында сақталған таратқыштар үстінен жазылатынын
ескеріңіз.
Іздеу аяқталса, 1-ші бағдарламаны сақтау орнында
сақталған таратқыш ойнатылады.
– Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін
бағдарламаны сақтау түймелерінің (5) бірін қысқаша
басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (c) сақтау
орнының нөмірі пайда болады. Қажет болса, сақталған
барлық таратқыштарды қайта шақыру үшін бастапқы
көз түймесін (7) басу арқылы FM және FM2 аудио
көздерінің арасында ауысыңыз.
Қадаулы антеннаны туралау
Радио қабылдағыш орнатылған қадаулы антеннамен (6)
бірге жеткізіледі. UKW арқылы радио жұмыс режимінде
қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына
бұраңыз.
Жеткілікті сигнал қабылдау мүмкін болмаса, радио
қабылдағышты жақсырақ қабылдау мүмкіндігіне ие жерге
қойыңыз.
Нұсқау: радио қабылдағышты радио жабдықтардың,
радио құрылғылардың немесе басқа электрондық
құрылғылардың ортасында пайдаланған кезде, радио
сигналының қабылдануына кедергі жасалуы мүмкін.
AUX арқылы сыртқы аудио көздерін жалғау
Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын ашып,
AUX кабелінің (25) 3,5 мм ашасын AUX IN ұяшығына (24)
енгізіңіз. AUX кабелін тиісті аудио көзіне жалғаңыз.
AUX аудио көзін ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7),
аудио көзінің индикаторында (b) AUX пайда болғанша,
басыңыз.
Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15)
қорғаныш қалпағын, AUX кабелінің ашасын шығарғанда,
қайтадан жауып қойыңыз.
Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің
(5) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет
пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған
таратқышқа ауысады.
Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/
басқару
Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы
ойнату үшін бастапқы көз түймесін (7), Bluetooth®
индикаторы (a) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз
немесе ағымдағы аудио көзіне қарамастан Bluetooth®
түймесін (11) қысқаша басыңыз.
Қазақ | 163
1 609 92A 7E7 | (18.03.2022)