Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (15)
қорғаныш қалпағын, құрылғы ашасын (21) шығарғанда,
қайтадан жауып қойыңыз.
Түймелі батареяны алмастыру
Уақытты және радио қабылдағыштағы басқа да
реттеулерді жадқа сақтау үшін түймелі батареяны
буферлік батарея ретінде енгізу керек.
Радио қабылдағышты алғаш рет қолданысқа енгізбес
бұрын енгізілетін түймелі батареяның қорғаныш жолағын
алып тастаңыз.
Аккумулятор қақпағының құлыптау иінтірегін (13) ашып,
аккумулятор қақпағын (12) ашыңыз.
Қажет болса, аккумуляторды (17) шығарып алыңыз.
Түймелі батарея қақпағының (18) астындағы қорғаныш
жолақты тартып шығарыңыз.
Радио қабылдағышта уақыт сақталмай, индикатор әлсіз
көрсетілгенде, түймелі батареяны алмастырыңыз.
Ол үшін түймелі батареяның қақпағын (18) сағат тілінің
бағытына қарсы (мысалы, тиынмен) бұрып, қақпақты
алып тастаңыз. Жаңа түймелі батареяны орнатыңыз.
Бұл ретте қақпақтың (18) ішіндегі суретте көрсетілгендей
полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Түймелі батареяның қақпағын (18) қайтадан орнатып,
оны сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз. Қақпақ оның
үстіндегі және құлып белгісіндегі таңбаламалар бір-біріне
қарап тұрғанда ғана берік құлыптанады.
Радио қабылдағышты ұзақ уақыт
u
пайдаланбасаңыз, түймелі батареяны құрылғыдан
шығарып алыңыз. Радио қабылдағышта ұзақ уақыт
сақтауда жатқан түймелі батареяны тот басуы және
оның заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Радио қабылдағышты судың тікелей тиюінен
u
қорғаңыз. Радио қабылдағыштың ішіне су кірсе, ток
соғу қаупі артады.
Аккумулятор қақпағын және жалғағыштар
u
бөлімінің қорғаныш қалпағын мүмкіндігінше
жабық ұстаңыз. Жабық қақпақтар радио
қабылдағышты су мен шаңнан қорғайды.
Аудио режим
Қосу/өшіру
Радио қабылдағышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (2)
басыңыз. Дисплей (1) іске қосылып, радио
қабылдағышты соңғы рет өшірген кезде, реттелген аудио
көзі ойнатылады.
Дисплей (1) түймені әр басқан сайын бірнеше секундқа
жанады.
Радио қабылдағышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін
(2) қайтадан басыңыз. Аудио көзінің ағымдағы реттеуі
жадта сақталады.
Bosch Power Tools
Дыбыс деңгейін реттеу
Радио қабылдағышты қосқаннан кейін, әрдайым төмен
дыбыс деңгейі орнатылады.
Дыбыс деңгейін көтеру үшін қосу/өшіру түймесін (2)
сағат тілінің бағытымен, ал дыбыс деңгейін төмендету
үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
<VL> немесе <Volume> дыбыс деңгейінің реттеуі 0 және
30 аралығындағы мәнмен бірге дисплейде бірнеше
секундқа пайда болады. Радио қабылдағышты реттеуден
немесе алмастырудан бұрын дыбыс деңгейін төмен
мәнге, ал сыртқы аудио көзін іске қосудан бұрын орташа
мәнге орнатыңыз.
Дыбысты өшіру үшін дыбысты өшіру түймесін (8) басуға
болады. Дыбысты қайта қосу үшін дыбысты өшіру
түймесін қайтадан қысқаша басыңыз немесе қосу/өшіру
түймесін (2) сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Дыбыс деңгейін әркез өзгертуге болады. Егер мәзір
функциясы іске қосылған болса, индикатор дыбыс
деңгейін өзгерткеннен кейін бірнеше секунд ішінде
мәзірге қайтады.
Аудио көзін таңдау
Аудио көзін таңдау үшін бастапқы көз түймесін (7)
дисплейде қажетті ішкі немесе сыртқы аудио көзі
көрсетілгенше басыңыз:
– DAB/DAB2: DAB+ (GPB 18V‑2 SC) арқылы сандық
радио,
– FM/FM2: UKW арқылы аналогтік радио,
– AUX: жалғағыштар бөліміндегі (15) 3,5 мм
ұяшық AUX IN (24) арқылы сыртқы аудио көзі
(мысалы, смартфон),
–
: Bluetooth® қосылымы арқылы сыртқы аудио көзі
(мысалы, смартфон).
Ағымдағы аудио көзін аудио көзінің индикаторы (b)
немесе Bluetooth® индикаторы (a) арқылы анықтауға
болады.
DAB және DAB2 (GPB 18V‑2 SC), сондай-ақ FM және
FM2 аудио көздерінің функциялары өзгешеленбейді,
олар тек қана қосымша бағдарлама сақтау орындарын
ұсынады.
DAB+ радио таратқышын реттеу/сақтау
(GPB 18V‑2 SC)
DAB+ радио таратқышы аудио көзін таңдау үшін бастапқы
көз түймесін (7), аудио көзінің индикаторында (b) DAB
немесе DAB2 көрсетілгенше, басыңыз.
Қысқа мерзімді баптандырудан кейін, соңғы реттелген
радио таратқышы ойнатылады.
Таратқыштың атауы көп функциялы индикатордың (k)
жоғарғы жолағында көрсетіледі. Көп функциялы
индикатордың астыңғы жолағында көрсетілетін қосымша
ақпараттың түрін мәзір функциясында реттеуге болады.
– Таратқышты ауыстыру үшін бастапқы көз түймесін
(7), қалаулы таратқыш дисплейде көрсетілгенше,
бұраңыз. Таңдауды растау үшін бастапқы көз түймесін
(7) басыңыз. Радио қабылдаыш таңдалған таратқышқа
ауысады.
Қазақ | 159
1 609 92A 6F3 | (30.03.2021)