158 | Қазақ
Радио қабылдағышты электр
қуатымен жабдықтау
Радио қабылдағыштың электр қуатымен жабдықталуы
литий-иондық аккумулятор (17) немесе штепсельдік қуат
блогы (20) арқылы жүзеге асады.
Аккумулятормен бірге пайдалану
Тек техникалық мәліметтерде жазылған
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана осы зарядтағыш құрылғылар радио
қабылдағышыңызда пайдаланылатын литий-иондық
аккумуляторға сәйкес келеді.
Нұсқау: радио қабылдағышқа арналмаған
аккумуляторларды пайдалану радио қабылдағыштың қате
жұмыс істеуіне немесе зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы қатты заряд таусылуынан қорғалған.
Аккумулятор заряды таусылған жағдайда, қорғаныш
өшіру жүйесі радио қабылдағышты өшіреді.
Қорғаныш өшіру жүйесі радио қабылдағышты
u
өшіргеннен кейін, радио қабылдағышты қайта
қоспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.
Аккумуляторды алмастыру
Аккумулятор қақпағының құлыптау иінтірегін (13) ашып,
аккумулятор қақпағын (12) ашыңыз.
Аккумуляторды шығарып алу үшін аккумуляторды
босату түймесін (16) басып, аккумуляторды аккумулятор
бөлімінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумуляторды енгізу үшін оны, аккумулятордың
жалғағыштары аккумулятор бекіткішінің жалғағыштарына
жататындай етіп, аккумулятор бекіткішіне (14)
жылжытыңыз. Аккумулятордың тірелуіне жол беріңіз.
Аккумулятор қақпағын (12) жауып құлыптаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор енгізілген кезде, аккумулятор (17)
зарядының деңгейін дисплейден, ал аккумулятор
шығарылған кезде, аккумулятордың өзінен анықтауға
болады.
Дисплейдегі аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (i), жеткілікті
кернеуге ие аккумулятор енгізіліп, радио қабылдағыш
штепсельдік қуат блогы (20) арқылы ток желісіне
қосылмаған жағдайда, дисплейде пайда болады.
Индикатор
Қуаты
80−100%
60−80%
40−60%
20−40%
5−20%
1 609 92A 6F3 | (30.03.2021)
Индикатор
Қуаты
0−5%
Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Аккумулятор радио қабылдағыштан шығарылса, заряд
деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының
жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға
болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған
немесе
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Штепсельдік қуат блогымен пайдалану
(A суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде келтірілген
u
штепсельдік қуат блоктарын пайдаланыңыз. Тек
осылайша радио қабылдағыштың ақаусыз жұмыс
істеуін қамтамасыз етуге болады.
Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің
u
кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық
тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
Жалғағыштар бөлімінің (15) қорғаныш қалпағын
ашыңыз. Штепсельдік қуат блогының құрылғы ашасын
(21) жалғағыш ұяшыққа (22) (DC IN 18V) салыңыз.
Штепсельдік қуат блогын ток желісіне жалғаңыз.
түймесін басыңыз.
Қуаты
60−100 %
30−60 %
5−30 %
0−5 %
Қуаты
80−100 %
60−80 %
40−60 %
20−40 %
5−20 %
0−5 %
Bosch Power Tools