Whirlpool W84TE72X Mode D'emploi page 117

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 38
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНЕ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ
ОРНАЛАСТЫРУ
Тоңазытқыштың қалыпты жұмыс жағдайында жұмыс істеуі үшін, термостатты "2-4" аралығында орнатса
жеткілікті.
Тоңазытқыш бөлімі
• Ылғалдықты азайтып, аязды күшейту үшін, ешқашан тоңазытқыштағы ашық контейнерлерге сұйық
заттар қоймаңыз.
• Тоңазытқыш ішіне ешқашан жылы тамақтар салмаңыз. Жылы тамақтарды бөлме температурасында
әбден суытып, оларды тоңазытқыш бөлігінде ауа айналымы жеткілікті деңгейде қамтамасыз
етілетіндей етіп орналастыру керек.
• Ет пен тазартылған балықты (пакеттерге немесе пластик парақтарға
оралған) орналастырып, оларды 1-2 күн ішінде тұтынып тастауға
тырысыңыз.
• Көкөніс пен жемістерді контейнерге ешқандай орамасыз сала берсеңіз
болады.
Маңызды ескертпе:
• Тоңазытқышқа кез келген пісірілген тамақ салғанда, олардың бетін
жауып қойыңыз. Оларды тоңазытқышқа тек суығанда салыңыз, әйтпесе
тоңазытқыш ішіндегі температура/ылғалдық артып, ол тоңазытқыштың
қарқынды жұмыс істеуіне алып келеді. Тамақ пен сусындардың бетін жабу
олардың дәмі мен иісін сақтауға да септігін тигізеді.
• Картоп, пияз және сарымсақты тоңазытқыш ішінде сақтамаған жөн.
• Тоңазытқышқа салынған тамақтың тоңазытқыш
бөлігінде орналасқан температура датчигімен жанаспай
тұрғанына көз жеткізіңіз. Тоңазытқыш бөлігінде оңтайлы
температураны сақтап тұру үшін, тамақтың датчикке тимей тұрғанына көз жеткізіңіз.
Мұздатқыш бөлімі
• Мұздатқыш бөлімі балғын азық-түліктерді мұздату үшін, мұздатылған өнімдерді орамада көрсетілген
уақыт ішінде сақтау үшін және мұз текшелерін жасау үшін қолданылады.
• Мұздатқыш есігіндегі сөрелерге балғын және жылы тағамдарды мұздатуға қоймаңыз. Мұздатылған
өнімдерді сақтау үшін тек есік сөрелерін ғана қолданыңыз.
• Мұздатылған өнімдердің жанына балғын және жылы өнімдерді қоймаңыз, себебі олар мұздатылған
тағамды ерітіп жіберуі мүмкін.
• Үйде әзірленген тағамдарды (және одан бөлек тез мұздатуды қажет ететін тағамдарды) мұздату үшін
тез мұздатқыш сөрені қолданыңыз, себебі тез мұздатқыш сөренің мұздату қуаты күштірек.
• Балғын өнімдерді (мәселен, ет, балық және тартылған ет) мұздатқанда оларды бір рет ас
әзірлегенде пайдаланатындай бөліктерге бөліп салыңыз. Балғын өнімдерді мұздатқанда, 24 сағат
ішінде мұздатуға болатын балғын өнімдердің максималды мөлшері (кг) құрылғының затбелгісінде
көрсетілген.
• Құрылғының максималды мұздату қуатына жетіп, оңтайлы жұмыс өнімділігін қамтамасыз ету үшін,
термостат тетігін мұздатқышқа балғын өнімдерді салардан 24 сағат бұрын ең суық күйге келтіріп
қойыңыз.
• Балғын өнімдерді мұздатқышқа салған соң, термостат тетігін 24 сағатқа ең суық күйге қойып қойса
жеткілікті. 24 сағаттан кейін, қажет болса, термостат тетігіндегі параметрлерді азайтып қоюыңызға
болады.
• Назар аударыңыз. Егер азғантай мөлшердегі азық-түліктерді мұздататын болсаңыз, энергияны
үнемдеу үшін, термостат тетігін ең суық күйге келтірмесеңіз де болады.
• Мұздатылған өнімдерді тоңазытқышта сақтағанда мұздатылған өнімдердің орамасында көрсетілген
нұсқаулықтарды мұқият орындау керек. Егер ондай мәліметтер берілмесе, өнімді сатып алған
уақыттан бастап 3 айдан артық сақтамаған жөн.
• Мұздатылған өнімдер сатып алғанда, олардың тиісті температурада мұздатылғанына және
орамасының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Температура
датчигі аймағы
KK - 117

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières