254 | Қазақ
T
– T
1
2
f
=
Rsi
T
– T
3
2
T
T
: іштегі беткі температура
1
T
: сыртқы температура
2
T
: іштегі қоршаған орта температурасы
3
Минималды жылылық оқшауламасы стандартты жиек
шарттарында зең басудың алдын алу үшін қолданылады.
Осылайша құрылыс материалына қауіп төнбейді.
Стандартты шарттарда (сыртқы температура –5 °C
шамасында, іштегі қоршаған орта температурасы 20 °C
шамасында) беткі температура 12,6 °C шамасынан төмен
түспеуі керек. Бұл 0,7 шамасындағы f
сәйкес келеді. Барынша сенімді нәтижеге (кіші дәлсіздік)
қол жеткізу үшін, сыртқы температура 10 °C шамасынан
төмен болуы керек.
Салыстырмалы ауа ылғалдыдығы
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы ауаның су буымен
қаншалықты қаныққанын көрсетеді. Дерек ауа қабылдай
алатын максималды су буы көлемінің пайыздық мәні
ретінде көрсетіледі. Максималды су буының көлемі
температураға байланысты: температура қаншалықты
жоғары болса, ауа соншалықты көп су буын қабылдай
алады.
Егер салыстырмалы ауа ылғалдылығы тым жоғары болса,
зең басу қаупі көтеріледі. Тым төмен ауа ылғалдылығы
денсаулыққа жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Еру нүктесінің температурасы
Еру нүктесінің температурасы ауадағы су буының
конденсациясы орын алатын температураны көрсетеді.
Еру нүктесінің температурасы салыстырмалы ауа
ылғалдылығына және ауа температурасына байланысты
болады.
Егер үстіңгі беттің температурасы еру нүктесінің
температурасынан төмен болса, осы үстіңгі беттегі судың
конденсациясы басталады.
Үстіңгі беттегі конденсат зең басудың басты себебі болып
табылады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын әрдайым таза ұстаңыз. Ластанған
инфрақызыл қабылдағыш линза (23) өлшеу дәлдігіне
әсер ете алады.
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі
тиіс.
1 609 92A 4X3 | (03.11.2020)
T
T
3
1
2
шектік мәніне
Rsi
Әсіресе ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта
температурасының датчигін (5), камераны (22),
қабылдағыш линзаны (23), шамды (24) және лазер
шығару саңылауын (2) өте мұқият тазалаңыз: камерада,
қабылдағыш линзада немесе лазер шығару
саңылауларында қылшықтың болмағанына көз жеткізіңіз.
Камераны, қабылдағыш линзаны және лазер шығару
саңылауларын тек фотоаппарат линзалары үшін
жарамды болатын құралдармен тазалаңыз. Датчик,
камера немесе қабылдағыш линзадан кірді өткір
заттармен кетіруге әрекет жасамаңыз және камера мен
қабылдағыш линзаны сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).
Өлшеу құралын ауа ылғалдылығы 30 және 50 %
аралығынан тыс болатын жерлерде ұзақ уақыт
сақтамаңыз. Егер өлшеу құралы тым ылғалды немесе тым
құрғақ жерде сақталса, оны іске қосу кезінде, қате өлшеу
әрекеттері орындалуы мүмкін.
Ауа ылғалдылығының датчигі негізінде еріткіштерге,
желімдерге және жұмсартқыштарға сезімтал. Мұндай
заттардың ұзақ мерзімді әсері өлшенетін ауа
ылғалдылығында ауытқуларды тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын пластик қалтада сақтамаңыз, оның буы
ауа ылғалдылығы мен қоршаған орта температурасының
датчигіне (5) зақым келтіре алады. Өлшеу құралына
сенсорға жақын ешбір жапсырманы жабыстырмаңыз.
Өлшеу құралын қайтадан калибрлеу қажет болса, өкілетті
Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында
сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools