Dremel Work Station 220 Traduction De La Notice Originale page 57

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 13
6. Кронштейн мен қақпақты орнатыңыз.
7. Ірге тиісті көлемдегі бұрандалар немесе болттардың
(жеткізу жинағында берілмеген) көмегімен верстакқа
бекіту қажет.
ПАЙДАЛАНУ
МАҢЫЗДЫ! Workstation құралы
бір мезгілде тек бір құралды
пайдалануға арналған. Білдекке басқа құрал
орнатылған кезде оны кронштейнге ілмеңіз.
Алаңның құралдар қорабында келесі құралдар (жинақта
берілмеген) болуы мүмкін:
Бұрғылар жинағы (628 немесе 636 моделі);
Айналмалы құралдарға арналған гайкалы кілт;
Жинау кілті;
Өлшемі 3,2 мм тең немесе одан аз болатын
кескіштер;
Айналмалы құрал цангалары (4485 моделі).
ЕСКЕРТПЕ: Бұрғылар құралдарда цанга жүйесі арқылы
бекітіледі. Кескішті айналмалы құрал бұрғылайтын
білдекке орнатылмас бұрын немесе орнатылған соң
орнатуға болады.
Электр құралын іске қоспас бұрын
барлық сомынды бұрайтын кілтті
алып тастаңыз. Электр құралының айналатын
бөлігіне бекітілген сомынды бұрайтын кілт дене
жарақатын алуға әкелуі мүмкін.
1. Цанга гайкасын және білікті айналдырған кезде
білікті құлыптау түймесін басып тұрыңыз. Құлып
қыстырылып, білікті ұстағанша цанга гайкасын және
білікті айналдыруды жалғастырыңыз (2-СУРЕТ).
2. Dremel айналмалы құралындағы сомынды бұрайтын
кілтті пайдаланыңыз және цанга гайкасын босату
үшін сағат тілі бағытына қарсы бұраңыз.
3. Білікті бұғаттау түймесін босатыңыз.
4. Кескішті дұрыс қысу және шығып кету мүмкіндігін
азайту үшін бұрғыны цангаға барынша терең
енгізіңіз. Кескіштің сынуын және сызат түсуін
болдырмау үшін кескішті жырашықтары цанга
немесе цанга гайкасына тиетіндей етіп тым терең
енгізбеңіз.
5. Білікті құлыптау түймесін қайта қыстырып, цанга
гайкасын алдымен қолмен, содан кейін кескіш
мықтап бекітілгенше сомынды бұрайтын кілт арқылы
бекемдеңіз.
6. Айналмалы құралды алға қарайтын шпиндель
қысқышы арқылы білдекке енгізіңіз. Қысқыш гайканы
бекемдеу арқылы құралды құрал кронштейніне
қысып бекітіңіз (3-СУРЕТ).
2-СУРЕТ
A. Білік құлпының түймесі
B. Кілт
3-СУРЕТ
A. Білдек тұтқасы
B. Қысқыш гайка
C. Бұрышты құлыптау иінтірегі
ЕСКЕРТПЕ: Айналмалы құралды ұстағышта қысқан
кезде, құралдың дұрыс салынғанына және желдеткіш
саңылауларының жабылмағанына көз жеткізіңіз.
7. Жоғарғы түтікті босату үшін сағат тілі бағытына
қарсы бұраңыз және түтік биіктігін жоғары немесе
төмен қарай реттеңіз. Қажетті биіктікке жеткеннен
кейін, түтікті бекемдеу үшін сағат тілі бағытымен
бұраңыз (5-СУРЕТ).
ЕСКЕРТПЕ: Түтікті құрал ұстағышта пайдаланған
кезде ұзындығын арттырмау қажет.
Сымды қысқыштарға енгізіңіз (4-СУРЕТ). Ұстағыш
сымды жұмыс аймағына тиюден сақтайды.
4-СУРЕТ
A. Сым қысқыштары
B. Тереңдікті реттеу иінтірегі
C. Құралдың айналуын құлыптайтын шағын тұтқа
8. Тереңдік шектегіші белгілі бір тереңдіктегі
саңылауларды тесу қажет болғанда
пайдаланылады. Ыңғайлылық үшін білдек
корпусында шәкіл қамтамасыз етілген. Тереңдік
шектегішін қажетті тереңдікке дейін орнатыңыз
және тереңдік шектегішін құлыптайтын тұтқаны
бекемдеңіз (4-СУРЕТ).
9. Бұрышты құлыптау иінтіректері құралды тігінен
немесе 90° бұрышта бекіту үшін пайдаланылады.
Құралды 15°, 30°, 45°, 60°, 75° немесе 90° бұрышта
пайдалануға болады.
Шағын және үлкен иінтіректерді босатыңыз және
құралды айналдырыңыз да, екі бұрышты құлыптау
иінтірегін мықтап бекемдеңіз
(3 және 4-СУРЕТ).
10. Биіктікті баптау иінтірегі білдекті дұрыс биіктікте
түтікке бекіту үшін пайдаланылады.
Иінтіректі босатыңыз және білдек/құрал жинағын
қажетті күйге орнатыңыз, содан кейін биіктікті баптау
иінтірегін бекемдеңіз (4-СУРЕТ).
11. Өңделетін бұйымда тесілетін орынды белгілеңіз
және сол орынға бұрғыны келтіріңіз. Бұрғыны
тесілетін орталыққа дәлдеу тесу орнынан шығып
кетуді болдырмайды және саңылаудың дәл
жасалуын қамтамасыз етеді.
12. Бұрғылау жұмысын бастамас бұрын бұйымды
бекітіңіз. Бұл бұйымның бұрғыдан шығып не
айналып кетуінен сақтайды, сондай-ақ, қауіпсіздікті
қамтамасыз етіп, жұмыс сапасын арттырады.
Қысқыштар (жеткізу жинағына кірмейді) бұйымды
бекіту үшін өте ыңғайлы. Сондай-ақ, бұрғылау
кезінде ұстап тұрау үшін қосымша шағын қысқышты
пайдалануға болады (8-СУРЕТ).
13. Биіктікті шектегіш бекіткіштерін жарты айналымға
босатыңыз және бұрғы ұшы бұйымға тигенше
білдекті түтік арқылы жылжытыңыз (6-СУРЕТ).
Бұрғы ұшы мен бұйым арақашықтығын максималды
6 мм орнату ұсынылады. Бекіткішті бекемдеңіз.
14. Білдек тұтқасын ұстап тұрып, оны тесілетін орынға
дейін түсіріңіз (максималды жүріс 50 мм).
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Домалақ бөлшектерді бұрғылаған кезде, "V" тәрізді
сынаны немесе қысқышты пайдаланыңыз. Домалақ
бөлшектің ортасында саңылау тесу үшін нақты нүктені
белгілеу қажет (9-СУРЕТ). Белгілеу үшін кернерді
пайдаланыңыз (жеткізу жинағына кірмейді).
Құралды жылдамдығы төмендейтін тереңдікке дейін
енгізуге жол бермеңіз. Сондай-ақ, құралды саңылау
орнына мұқият апарыңыз. Бұл саңылау шеттерінің
нақыс болуына жол бермейді.
57

Publicité

Table des Matières
loading

Produits Connexes pour Dremel Work Station 220

Table des Matières