Қоршаған Ортаны Қорғау; Техникалық Сипаттамалар; Пайдалану Нұсқаулары - Dremel ENGRAVER 290 Traduction De La Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
Құрамында асбесті
материалдармен жұмыс
істемеңіз (асбест канцерогенді деп
есептеледі(.
Жұмыс кезінде денсаулыққа
қауіпті тұтанатын немесе
жарылысқа әкелуі мүмкін шаң пайда болған
кезде (кейбір шаң түрлері канцерогенді деп
есептеледі) сақтық шараларын сақтаңыз. Шаңнан
қорғайтын масканы киіп, шаң/үгінді сорғысы
жабдығы жалғанған кезде жұмыс істеңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Пайдалану уақыты біткен электр құралдары,
қондырмалар және қаптамалар қоршаған ортаға
зиянсыз қайта өңдеу үшін тапсырылуы керек.
ТЕК ЕУРОПАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚ
МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҮШІН
Электр құралдарын тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз! Ескі электр және
электрондық жабдықтар пен құралдар
жөніндегі 2012/19/EҚ Еуропалық нұсқауға
және оны ұлттық құқықта жүзеге асыруымен
байланысты жарамсыз, пайдаланылмайтын
электр құралдарын бөлек жинап, қоршаған
ортаға зиянсыз жолмен кәдеге жарату қажет.
Сәйкестік сертификаты туралы ақпарат осы
нұсқаулықтың ең соңғы бетінде орналасқан.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Қректендіру кернеуі . . . .230 В, 50-60 Гц
Ток күші . . . . . . . . . . . . . .0,15 А
Бос кездегі жылдамдық .6000 мин
ҰЗАРТҚЫШ СЫМДАР
5 А кем болмайтын токқа есептелген толығымен
тарқатылған және қауіпсіз ұзартқыш сымдарын
пайдаланыңыз.
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛАРЫ
Келесі қарапайым жұмыс нұсқауларын сақтау
арқылы пайдалану әдісіне қарамастан, ойма
жасайтын Dremel электрлік аспабымен кәсіби маман
ретінде жұмыс істей аласыз.
1. Ойма жасайтын аспапты пайдалану үшін
алдымен ойма жасау қондырманы орнатуыңыз
қажет. Қондырманы дұрыс орнату үшін, патронда
орналасқан орнату бұрандасын босатыңыз
(1-сурет). Ойма жасайтын қондырманы патронға
орнатып, орнату бұрандасын берік бекітіңіз. Ойма
жасайтын қондырманың мықтап бекітілгеніне
көз жеткізіңіз. Тозған қондырманы ауыстыру
үшін орнату бұрандасын босатыңыз және
қондырманы алыңыз (1-сурет). Ойма жасайтын
-1
50
қондырмаларды Dremel дилерінен сатып алуға
болады.
2. Электр құралын розеткаға қоспас бұрын,
пайдаланатын кернеудің ойма жасайтын
аспаптың артқы жапсырмасындағы (зауыттық
тақтайша жапсырмасы) белгіленген кернеуге
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
3. Ойма жасайтын аспапты пайдалану үшін,
құрал артында орналасқан қосу/өшіру
қосқышын жылжыту арқылы ойма жасайтын
аспапты «ҚОСУЛЫ» күйге орнатыңыз (2-сурет).
Қарындашты ұстағандай ойма жасайтын аспапты
шағын бұрышқа қисайта ұстаңыз. Қолыңызды
үстелге сүйеп, күш салмай ұстаңыз. Ойық
жасау барысында материалды қатты баспаңыз.
Әдеттегі жазу әрекетіне қарағанда баяу жеңіл
жанасуды пайдаланыңыз.
4. Ойма жасайтын аспап корпусының бүйіріндегі
реттеу тұтқасы қондырма жүрісінің ұзындығын
және сәйкесінше ойық тереңдігін басқарады
(3-сурет). Осы тұтқа «АЖЫРАТҚЫШ»
ретінде пайдаланылмайды. Тиімді ұсыныс
- талаптарыңызға сәйкес келетін жеткілікті
тереңдікте ойық жасайтын ең минималды
қондырмаларды таңдаңыз. Құралмен танысу
үшін әртүрлі параметрлермен материал
қиындыларында тәжірибе жасаңыз.
Ескертпе: Баптау тұтқасының «ең төменгі»
күйі корпустағы- «1». Ұзақ пайдаланудан кейін
реттеу тұтқасының циферблаты өшіріліп,
білінер-білінбес бола бастайды. Бұл әдеттегі
жағдай және ойма жасайтын аспаптың ақаулы
екенін білдірмейді.
5. Ойма жасайтын аспаппен бірге ұсынылатын
ойма жасау қондырмасы карбидті болаттан
жасалған. CD, DVD дискілері, т.б. сияқты
электрондық ақпарат тасушыларды оймаңыз. Бұл
материалдарға ойық жасау ақпарат тасушыны
зақымдауы мүмкін.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК
DREMEL өніміне белгіленген/нақты мемлекет
ережелеріне сәйкес кепілдік беріледі; табиғи тозу
салдарынан, шамадан тыс жүктеме немесе қате
өңдеуден орын алған ақауларға кепілдік берілмейді.
Құралды басқа мақсатта пайдалану жағдайы
кепілдікке кірмейді.
Шағымдану жағдайында сатып алу түбіртегін қоса
бөлшектелмеген құралды дилерге жіберіңіз.
Dremel өнімдері туралы ақпаратты қайдан алуға
болады www.dremel.com сайтынан ала аласыз.
Пошта мекенжайы: Konijnenberg 60, 4825 BD Breda,
Нидерланды мемлекеті

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières