Қолданысқа Енгізу - Bosch PBD 40 Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour PBD 40:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
164 | Қазақ
– Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
– Лазер блогын (22) (31) түймесі арқылы қосыңыз.
Дисплейде (14) "Лазер" индикаторы көрсетіледі.
– Дайындамадағы таңбаламаны лазерлік крестпен
туралаңыз.
Дайындаманы бекіту (F1−F2 суреттерін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу
үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.
Ұзын және ауыр дайындамаларды бос шетінен басып
тіреу керек.
Нұсқау: кіші дайындамаларды мықтап қысу үшін білдек
қысқышын (мысалы, Bosch MS 80) пайдаланыңыз.
– Дайындаманы лазерлік кресттің көмегімен
орналастырыңыз.
– Жылдам қысқыштағы (3) жылдам қысқыш
иінтіректі (2) босатыңыз.
– Жылдам қысқышты дайындамаға жатқызыңыз.
Жылдам қысқыш иінтіректі (2) дайындама мықтап
қысылғанша сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
– Бұрғылағаннан кейін жылдам қысқыш иінтіректі (2)
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
– Жылдам қысқышты (3) бүйірге қарай бұрап,
дайындаманы шығарып алыңыз.
Параллель тірек (19) үлкен дайындамалардың бұралып
кетуіне жол бермейді.
– Параллель тіректегі (19) қатпарлы бұрандаларды (20)
босатып, параллель тіректі тірек тақтасының (1)
ойықтарына енгізіңіз.
– Қатпарлы бұрғыларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Дайындаманы жылдам қысқыштың (3) көмегімен
бекітіңіз.
Жетек блогының биіктігін орнату (G суретін қараңыз)
Жетек блогының биіктігін жұмыс барысында
u
өзгертпеңіз. Қысқыш иінтіректі (7) айналатын
дөңгелек бастапқы күйде болғанда ғана іске қосыңыз.
Бұл қауіпсіздік шарасы ықтимал жарақат алудың
алдын алады.
Жетек блогының (12) биіктігін алмалы-салмалы аспап
ұзындығына және дайындама өлшеміне байланысты
реттеуге болады.
Нұсқау: жетек блогының биіктігін реттегеннен кейін
дайындаманың орналасуын лазерлік кресттің көмегімен
қайтадан тексеріп шығу керек. Қажет болса,
дайындаманы қайта туралау керек.
Тежегіш, қысқыш иінтірек (7) ашық болған кезде, жетек
блогының (12) өздігінен түсіп қалуына жол бермейді.
Тежегіштің қысу күшін кейде-кейде тексеріп және қажет
болса, реттеп тұрыңыз.
– Айналатын дөңгелек (11) бастапқы күйінде болғанына
көз жеткізіңіз.
1 609 92A 4N5 | (25.09.2020)
– Бір қолмен айналатын дөңгелекті (11) ұстап алыңыз
да, басқа қолмен қысқыш иінтіректі (7) сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап босатыңыз.
– Айналатын дөңгелектің көмегімен жетек
блогының (12) биіктігін енгізілген алмалы-салмалы
аспапқа және дайындама биіктігіне сәйкес реттеп
шығыңыз.
– Қысқыш иінтіректі (7) сағат тілінің бағытымен қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: қысқыш иінтіректе (7), оны пайдалануға ең
қолайлы немесе бос орын үнемдейтін күйге бұрау мүмкін
болуы үшін, бос жүріс бар.
Қысқыш иінтірек тартылған жағдайда, жетек блогының
тұтқасын ары тартып, қажетті күйге бұраңыз және оның
қайта бүгілуіне мүмкіндік беріңіз.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Қосу
– Дисплейді (14) іске қосу үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
– Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
Енді айналу жиілігін реттеуге болады.
Өшіру
– Бұрғылауды аяқтау үшін ажыратқышты (13)
күйіне бұраңыз.
немесе
– Электр құралын толықтай өшіру үшін
ажыратқышты (13) "0" күйіне бұраңыз.
Нұсқау: электр құралы енді қуат көзінен ажыратылған.
Ағымдағы барлық реттеулер жойылады.
Quick Stop функциясы
Алмалы-аспап, мысалы, дайындамаға ілініп
қалған кезде, электр құралын Quick Stop
функциясы арқылы жылдам өшіруге болады.
– Ажыратқышты (13) қысқаша әрі жылдам басыңыз.
Электр құралы мен дисплей бірден өшіп қалады.
Нұсқау: электр құралы енді қуат көзінен ажыратылған.
Ағымдағы барлық реттеулер жойылады.
– Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін
ажыратқышты (13) "0" күйіне кері бұрау керек.
Сонан соң электр құралын қайта іске қосуға болады
(ажыратқыш (13)
күйінде).
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

0603b07000

Table des Matières