60 | Қазақ
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ
нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (26) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (26)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) (F суретін
қараңыз)
Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегін
ұсынады. Өлшеу құралын штативке монтаждау үшін оны
айналма платформаға (12) қойыңыз.
5/8 дюймдік штативке монтаждау: айналма платформаны
5/8 дюймдік штатив бекіткішімен (9) 5/8 дюймдік
штативтің (28) немесе әдеттегі құрылыстық штативтің
ирек оймасына орнатыңыз. Айналма платформаны
штативтің бекіткіш бұрандасымен бұрап бекітіңіз.
1/4 дюймдік штативке монтаждау (F суретін қараңыз):
штатив адаптерін (20) (керек-жарақ) айналма
платформаның 5/8 дюймдік штатив бекіткішіне (9) бұрап
кіргізіңіз. Штатив адаптерін 1/4 дюймдік штатив
бекіткішімен 1/4 дюймдік штативтің (21) немесе әдеттегі
фотоштативтің ирек оймасына орнатыңыз. Штатив
адаптерін штативтің реттегіш бұрандасымен бұрап
бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сәулесінің дұрыс табылуы үшін (22) лазер
қабылдауышын пайдаланыңыз. Лазер қабылдағышымен
жұмыс істегенде қабылдау режимін қосыңыз (қараңыз
„Қабылдағыш режим", Бет 57).
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
1 609 92A 4HR | (11.02.2021)
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (B−E суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (27) сақтаңыз
және тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (27)
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Bosch Power Tools