Қолданысқа Енгізу - Bosch GDB 180 WE Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GDB 180 WE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 15
120 | Қазақ
Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе
u
жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек.
Сумен суытуды жалғау
Суға жалғағыш адаптерді (14) жұдырықша
жалғастырғышқа (10) орнатып, оны сағат тілінің
бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз.
Су жапқыш шүмекті (12) бұрап бекітіңіз. Су жеткізу
құбырын шүмекке жалғағыш бөлшекке (13) жалғаңыз.
Суды жылжымалы қысымдалған су багынан (керек-
жарақ) немесе стационарлық су жалғағышы арқылы
жеткізуге болады.
Шаңсорғышты жалғау
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору адаптерін (15) жұдырықша жалғастырғышқа (10)
орнатып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап
бекітіңіз.
Осы жүйеге мақұлданған және ұсынылған ылғалды/
құрғақ сорғыштың (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер", Бет 121) сорғыш шлангісін (17)
аспирациялық келте құбырға (16) енгізіңіз.
Пайдалану
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
u
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
u
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
1 609 92A 4SW | (24.03.2021)
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD) (18) ақаусыз жұмыс істеуге
қабілетін тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
– RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
u
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) (18)
RESET түймесін басыңыз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (12) өткелге
орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты бұғаттау үшін реттеу түймесін (2)
тағы басыңыз.
Өшіру
Ажыратқышты (1) жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған
болса, оны алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (12) бұрап
бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті
(13) су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш
шүмекті (12) ашып, қалған суды ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD) (18) RESET түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (1) өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышы (11) екі айналу жиілігін
алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 80–180 мм
– 2-беріліс: 25–60 мм
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières