Télécharger Imprimer la page

Lux Tools B-RM-46HMA/E Notice Originale page 201

Publicité

• Жоғары температураларда бензин
өздігінен тұтануы мүмкін!
– Бензинді өз мақсатына көзделген
сыйымды ыдыстарда ғана сақтаңыз.
– Жанармайды тек ашық аспан
астында құйыңыз жəне құю кезінде
шылым шекпеңіз.
– Бензинді қозғалтқышты іске қосар
алдында құйған жөн. Қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда немесе көгал-
шапқыш қызып тұрған кезде бактың
қақпағын ашуға немесе бензинді
қосымша құюға болмайды.
– Егер бензин қотарылып жатса, ешбір
жағдайда қозғалтқышты іске қосуға
талпынбаңыз. Оның орнына, бензин-
мен ластанған жерден машинаны
алып кеткен жөн. Бензиннің қал-
дықтары буланып кеткенге дейін
оталдырудың кез келген талпыны-
сынан бас тартқан жөн.
– Зақымдалған бензин багы мен бак-
тың қақпағын қауіпсіздік мақсатында
алмастырған жөн.
• Ақаулығы бар бəсеңдеткіштерді алма-
стырған жөн.
• Пайдалану алдында əрдайым кескіш
пышақтарды, бекіту болттарын жəне
бүкіл кескіш түйінді көзбен шолып тек-
серу қажет – олар зақымдалмаған жəне
тозбаған болуы тиіс. Кескіш пышақтар
мен бекіту болттарының тозуы немесе
зақымдалуы кезінде үйлесімсіздіктің
алдын алу үшін пышақтардың немесе
болттардың бүкіл жиынтығын алмасты-
рған жөн. Ескірген немесе зақымдалған
ескерту тақталарын алмастырған жөн.
• Назар аударыңыз! Бірнеше кескіш
пышағы бар машиналарда бір
пышақтың қозғалысы қалған барлық
пышақтардың айналуына əкеп соқты-
рады.
Басқару
• Іштен жанатын қозғалтқыш қауіпті тұн-
шықтырғыш газдың жиналуы мүмкін
жабық үй-жайларда жұмыс істемеуі
тиіс.
• Тек күндізгі жарықта немесе жақсы
жасанды жарықта жұмыс істеңіз.
• Мүмкіндігінше ылғалды шөпті ормаған
жөн.
• Еңіс жерлерде құрылғының
орнықтылығын қадағалаңыз.
• Ешқашан жүгірмеңіз, тек адымдап
жұмыс істеңіз.
All manuals and user guides at all-guides.com
• Еңіске көлденең бағытта жұмыс істеу
керек, ешқашан еңіспен жоғары немесе
төмен қарай жұмыс істемеңіз.
• Еңісте жұмыстың бағытын ауыстыру
кезінде сақтық таныту қажет.
• Тым құлама еңістерде жұмыс істемеңіз.
• Көгалшапқышты өзіңізге қарай
тартқанда немесе оны бұрған кезде
ерекше сақтық танытыңыз.
• Егер көгалшапқышты шөптен өзге бет-
терде алып жүру үшін жəне көгалша-
пқышты тұрған жерінен оратын жерге
дейін қозғалтқан кезде қисайту қажет
болса, кескіш пышақтарды (пышақты)
тоқтатқан жөн.
• Көгалшапқышты зақымдалған қорға-
ныс құралдарымен/қорғаныс торымен
бірге немесе орнатылған қорғаныс
құралдарынсыз, мысалы қалқасыз
жəне/немесе шөп жинағышсыз ешқа-
шан пайдаланбаңыз.
• Қозғалтқыштың реттеулерін өзгерт-
пеңіз жəне оны қатты бұрамаңыз.
• Қозғалтқышты іске қоспастан бұрын
тежеуішті жіберген жөн.
• Қосқышты іске қосуды немесе басуды
өндірушінің нұсқауларына сəйкес
сақтықпен орындаған жөн. Аяқтың
кескіш пышақтардан (пышақтан) жет-
кілікті қашықтықта тұруын қадағалаңыз.
• Қозғалтқышты іске қосқан кезде, жұмыс
барысында көгалшапқышты сəл көтеру
қажеттілігі орын алатын жағдайларды
қоспағанда, оны өзіңізге қаратып көте-
руге болмайды. Мұндай жағдайда
көгалшапқышты шынайы қажеттілікке
қарай көтеру қажет; көгалшапқыштың
пайдаланушыға қарама-қарсы жағын
ғана көтерген жөн.
• Егер жабындау арнасының алдында
болсаңыз, қозғалтқышты қоспаңыз.
• Машинаның айналмалы бөлшектеріне
немесе олардың астына ешбір
жағдайда қолыңызды немесе аяғыңы-
зды жақындатпаңыз. Лақтыруға
арналған саңылауға жақындамаңыз.
• Қозғалтқышы қосулы көгалшапқышты
ешқашан көтермеңіз жəне тасымалда-
маңыз.
• Оталдыру кілті мен білте ұштығын
төмендегі жағдайларда сөндіріп
жүріңіз:
– көгалшапқышты қараусыз əр қалды-
рған сайын
KAZ
201

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

234863