Télécharger Imprimer la page

Bosch GDR 18V-220 Professional Notice Originale page 168

Publicité

168 | Қазақ
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 5× жасыл
Үздіксіз жарық 4× жасыл
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Жинау
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Құралды алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату (A суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне (1)
тірелгенше кіргізіңіз.
Бұрауыш биттерді (13) шар тәрізді ысырмасы бар
әмбебап бит ұстағышы (14) арқылы енгізуге болады.
НҰСҚАУ: алмалы-салмалы аспапты енгізу қиынға соқса,
құлыптау төлкесін алға тартыңыз да, алмалы-салмалы
аспапты құрал бекіткішіне тірелгенше кіргізіңіз.
НҰСҚАУ: алмалы-салмалы аспаптың тірелгеніне және
берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Бекіту төлкесін (2) алға қарай жылжытып, алмалы-
салмалы аспапты алып тастаңыз.
1 609 92A A4U | (30.08.2024)
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 / GCY 42
NC модулін пайдалану
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 / GCY 42 NC
туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша
нұсқаулықтан қараңыз.
Қуаты
80–100%
Пайдалану
60–80%
Функционалды жұмыс істеу әдісі
40–60%
Аспап патроны (1) алмалы-салмалы аспаппен электр
20–40%
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмі арқылы
5–20%
жүргізіледі.
0–5%
Жұмыс барысы екі фазаға бөлінеді:
Бұрап бекіту және Тарту (қағу механизмі жұмыс істейді).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады.
Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Пайдалануға ендіру
Бұрау бағытын реттеу (B суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (9) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу
және сомындарды тарту үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (3) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (3) оңға тірелгенше
басыңыз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған
электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп
реттеуге болады.
Ажыратқышты (9) жай басу төмен айналымдар/қағулар
санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны
көбейеді.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (9) басып
тұрыңыз.
(10) және (18) жұмыс шамдары ажыратқышты (9)
азғантай немесе толық басқанда жанып, жарықтығы
төмен жұмыс аймағын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (9)
жіберіңіз.
Пайдаланушы интерфейсі (C суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (8) электр құралының айналу
жиілігін және жұмыс режимін алдын ала таңдау және
күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Bosch Power Tools

Publicité

loading